Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Мазмұндама «Қабылан» 10 сынып
12.10.2015 1253 0 Шенгельбаева Калима Айтмукановна

Сабақтың мақсаты:  Мәтіннің негізгі ойын дұрыс түсініп, септік, көптік, жіктік, тәуелдік  жалғауларды естеріне түсіртіп, оқушыларды  орфографиялық тұрғыдан әдеби тілде  сауатты жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіннің мазмұнынын түсініп,  дұрыс сауатты жазып, талдау түрлерін естеріне түсіреді.

! Модульдер: ЖАДА жұмысы. АКТ, СТО

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.  Орта құру.  Өзіне жақсы тілек айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.   

ІІІ. Мазмұндама.                  Қабылан

 

         Қабылан бізбен бірге ө ріске шығып, қой бағысады. Ол кейде көбелек қуып ойнайды.

         Бір күні Қабылан екеуіміз қойға шықтық. Мен кітап оқыдым. Ол жалықты. Менің бәтеңкемнің тұмсығын өткір тісімен  жайлап кеміре бастады. Мен аяғымды әрі-бері  қозғап қойдым.  Бәтеңке тез қозғалған сайын Қабылан да  тез қимылдап, бәтеңкені ұстап алады.

         Қабылан менің жаныма келіп жатты. Бір аяғын  менің  тіземе салды. Мен үндемедім. Екінші аяғын қойды.  Мен аңғармағандай болдым. Қабылан екі аяғын кітаптың бетіне  салып, оны басымен жапты да, маған тура қарады. Мен Қабыланымды құшақтай алдым.  Содан кейін ол көңілденді. Білегімнен жұп-жұмсақ қана тістелеп, менімен алысып ойнады.

 Мәтін бойынша сұрақтар:

·        Қабылан өріске шығып,  не істейді?

·        Бір күні қойға шыққанда бала не істеді?

·        Қабылан нені кеміре бастады? Неліктен?

·        Бала аяғын қозғалтқан сайын  Қабылан қалай қимылдады?

·        Қабылан қайда жатты?

·        Қабылан бір  аяғын қайда салды? Бала оны еледі ме?

·        Қабыланның екінші аяғын салғанына бала  қандай әрекет жасады?

·        Келесі мезетте Қабылан не істеді?

·        Бала  Қабыланға не істеді?

·        Олар қалай ойнады?

Сабақты қортындылау. Оқушылар өздігінен мазмұндама  мәтінін тексереді, содан кейін мұғалімге тапсырады.

·        Үйге тапсырма. * Қаныш Сәтпаев туралы слайд дайындау.