Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалар. 4-қадам. Қарапайым адам еді» 10 сынып
11.10.2015 1355 125 Шенгельбаева Калима Айтмукановна

Сабақтың мақсаты:  Мәтінді түсініп оқу, оқылған мәтіннің негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап ала білу.

Күтілетін нәтиже: Мәтінмен  жүйелі жұмыс істейді, керекті мәліметті таңдап алады, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады, сөйлемдердің сыңарын   мағыналарымен сәйкестендіреді, синоним сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.

! Модульдер: ЖАДА жұмысы. Қайталап сұрақ қою. СТО, АКТ, диалогтік оқыту

Белсенді жұмыс түрлері: Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, Топқа бөлу, интербелсенді тақтаны түсіндіру құралы ретінде қолдану. Диалог, миға шабуыл, ассоцияция жасау, деңгейлік тапсырмалар орындау.

Сабақтың жабдықталуы: Сәтбаев Қаныш Имантайұлының портреті, слайдтар, маркерлер, ватман қағаздары, маркерлі- магниттік тақта.

Оқулық: Қазақ тілі. Ж.Адамбаева, Ф. Оразбаева, А.Рауандина; К. Оналбаева. Алматы: Мектеп, 2014ж.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 5минут.

Топқа бөлу( мақалдарды басып шығарып, кесу,59бет)

Психологиялық дайындық. Әр мақалды мақалдың мағынасын айтып береді.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.10минут

Ітоп. Қаныш Сатпаевтің өмірбаяны жайлы.

ІІтоп. Қаныш Сатпаев-геолог.

ІІІтоп. Қаныш Сатпаев атындағы ғаламшар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Миға шабуыл. Сәтбаев Қаныш қандай адам болған? (Оқушылар Қ.Сатпаевтің дене-бітімі жайлы айтады.)

Ассоциаграмма :Дене бітімі. Мысалы:                         

54бет. «Англиядағы кездесу» мәтінінен.                                                                                 

 

                                                                                                                 

Мұғалім: Сендер сыртқы бітімін айттыңдар, енді біз бұл кісінің адами қаситеттерін білейік.

·        Топтық жұмыс. 

1)59бет, 1-тап. Мәтінді түсініп оқу, 6минут.

Қарапайым адам еді

   Қадірлі аға, әрқашан: «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін сарп етеді», -дейтін.

 Қаныш ағаның өзі- бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі.

   Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. Оқымысты ма, министр ме, жай қарапайым жұмыскер ме – ол кісіге бәрі бірдей адам болатын. Алдына  жәрдем сұрап барған адамның бәрін жылы шыраймен қабылдап, қолынан келген жәрдемін беретін.

-         Қарағым, қандай ортада жүрсең де, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен, - деп айтқаны бар еді.

Мен бүгінгі жастарға сол кісінің осы сөздерін қайталар едім. Қаныш   аға ғұлама ғалым, үлкен ойшыл болумен қатар өте қарапайым адам еді.

   Қаныш аға – бүкіл қазақ халқының ардақты ұлы, ол мәңгі жасамақ.

2)  Әр оқушы түсінбегенін қасында отырған  көршісінен сұрайды, 2минут. ( немесе менен сұрайды)

3) Сұрақтарға жауап беріледі(бір топ екінші топқа қояды)-3минут.

? Сұрақтарға  мәтін бойынша жауап беріңдер.

1.     Ғалым болуүшін не керек?

2.     Қаныш аға қандай адам болған?

3.     Қаныш аға жұртқа қалай қарайтын?

4.     Қаныш аға адамда қандай  қасиеттер болу керек дейді?

5.     Бүгінгі жастар қандай болуы керек?

4) Мен: «Қаныш аға қандай қасиеттерден жаңылма, есіңнен шығарма, еш уақытта ұмытпа!» дейді?»

Жауап:Еңбексүйгіштіктен, сыпайгершіліктен, адамгершіліктен.

Ассоциаграмма : Дене бітімі жазылып тұр. Соны толықтыру(адами қасиеттері туралы). 59бет. «Қарапайым  адам еді» мәтінінен.                                      





60бет, 4-тап. Тек сөз құрамына талдаңдар. Интерактивті тақтада.

Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. 2минут.

62бет, 8-тап.Мәтіннен өткен шақ тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.(Ватманға жаздыру- оқып шығады, орнынан)

61бет, 5-тап. Сөздер мен тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар. 3минут.

Рефлексия:Бес жол өлең осы тақырып бойынша

Зат есім

2сын есім

3етістік

сөйлем 4сөзден тұратын

зат есімге синоним

·        Өздік бағалау

·        Топта  сұрақтарды талқылап, жауаптарын постерге  түсіру.

 

IV. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия.  Сабақта нені үйрендім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді?

 

Үйге тапсырма.  Қаныш ағаға хат жазу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.