Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Тазалық- денсаулық кепілі» 2 сынып
10.10.2015 1682 119 Муканова Асимгуль Алпысбайқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтарда алған  білімдерін пысықтау. 

Дауыссыз дыбыстарды қайталау  ."Тазалық-денсаулық  кепілі"

дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу.Тазалық сақтау заттарын көрсете

отырып,тазалық сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану

арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын,жылдамдығын, есте

сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:,тазалық сақтау заттарының суреттері.

Сабақтың түрі:  қайталау, ойын сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-

жауап,қайталау,ойын,ой қозғау,проблемалық сұрақ,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі                   

  Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі түгендеу

оқушылардың назарын сабаққа аудару,

Сабақтың мақсатын айту «Мой додыр» мултфильмінен үзінді көрсету, «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын тауып, мақсатын айту. Қ А Т З Л А Ы    (ТАЗАЛЫҚ)

ІІ. Үй жұмысын тексеру.қайталау

Сергіту сәті

1.Сөздік жұмысы (суреттегі сөздерді қазақша аудару)          

Сабын

Сусабын

Сүлгі

Тіс пастасы

Тіс щеткасы

Сүлгі

Тарақ

 2.Олар не үшін керек? (сұрақ - жауап)

Сабын ,  жуыну үшін керек.

Тіс пастасы, тіс щеткасы тісті тазалау үшін керек.

Тарақ шашты тарау үшін керек.

Сүлгі сүртіну үшін керек.  Су

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі – жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

Тазалықтың досы

Су дегенің осы.

       Сүлгі
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл – жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген осы.

        Сабын
Сабындаған кезіңде,
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді,
Тап – таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы,
Сабын деген осы.

     Тіс щеткасы

Мен айтайын тақпақ,

Алғын оны жаттап.

Тісіңді жу, тазарт,

Маржандай болсын аппақ.

       

Тарақ

Аузым жоқ, көзім жоқ,

Тілім жоқ, сөзім жоқ.

Бірақ та тісім бар,

Шашыңды тараймын.

Әдемі боласың,

Менің атым тарақ.

3.Грамматикалық кезең.  (ережені қайталау)

 Дауыссыз дыбыстарды қайталау

қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х,

ц, ч, ш, (у),

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

1Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

2Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) б,в, г, ғ, д, ж, з;

3Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) р, л, м, н, ң.

  1. Жұмбақтарды шеш.

Ертемен күнде сен

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір – ласың,

Тап – таза боласың.

Бұл не?  (сабын)

Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да

Бұл не?    (сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Бұл не?

Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

1Тазалықты сақтау үшін қандай заттар керек?

2 Олар не үшін керек?

 «Мой додыр» мултфильімінің соңын қарау.

Үй жұмысын беру. Ереже тазалық заттарын жаттау

 Бағалау .

Қорытынды.

-Сабақ аяқталды!

-Сау болыңыздар!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.