Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Э дыбысы" 3 сынып
17.09.2015 1707 150 Жанабилова Акерке Сагыралиевна

Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар Білімділік: Дыбыстардың жазылуы туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дыбыстардың түрлерімен таныстыру және әріптердің жазылу үлгісін еске түсіру
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты «Пазыл» арқылы топқа бөлу суреттің бетіне жуан, жіңішке сөздері, келесі бетіне әріптер жазылған.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің, мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп шығар күн. Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Өткен сабақты пысықтау «Миға шабуыл» Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Сөйлеу
Ауызекі сөйлеу ----------------------------------Жазбаша сөйлеу
Үн арқылы берілетін сөйлеу ----------------Жазылып берілетін хабар
Жаңа сабақ 1-жаттығу Түсіндіру
Көп нүктенің орнына й, и, ый әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Сұ ... йық зат, б ...ік ағаш, ...ір мү...із, с...мды зат, т...істі баға, бағалы с...лық, ала с...ыр, сұлу таб...ғат
Сый, тый сөздері қандай ережеге бағынбайды?
1-топ 1-жаттығу
Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқы. Э, е дыбыстарының айтылуына көңіл бөл.
Экспонант, энциклопедия, эстон, эфир.
Егеменді, елбасы, елші
2-топ 2-жаттығу
Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта
Экология, экскаватор, экран, экватор, эстрада.
Э – дауысты дыбыс
3-топ 4 – жаттығу
Көшіру
4-топ 5-жаттығу
Эскимостар
Э дыбысы кездесетін сөзді тап.
Сергіту сәті Шөңге теру
Етік кию жоқ ойда, Астымда атым – таяғым,
Жалаң аяқ тоғайға Қайттым ізбен баяғы.
Жидек теріп барып ем, Қолым теріп бүлдірген,
Жүргізбейді шоңайна. Шөңге терді аяғым
Сабақты пысықтау 1. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. П - дан егер бастасаң,
Зоопаркте тұра алам.
Т - дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам (піл - тіл)
5. Шыр - шыр етеді,
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
6. Аулада бар елде жоқ,
Дауылда бар, желде жоқ. (у әрпі)
Үй тапсырмасы 3 - жаттығу 19-бетте Күнделіктеріне жазады

Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Оқушылар толтырады

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.