Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Кітапхана" 8 сынып
13.09.2015 1340 129 Амрина Ляйля Бауржановна

Сабақтың мақсаты: Кітапхана туралы өз ойларын шығармашылықпен жеткізу.Сөйлемдерде зат есімдерді  дұрыс қолдана білу.

Сабақтың міндеттері:

Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау,сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруі

Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы білімдерін тексеру

Сабақта алған білімдерін жан-жақты талдау.

Сабақта алған білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтиже:

1.Зат есімдерді  сөйлемде дұрыс қолдана алады.

2. Кітапхана  бойынша өз ойын еркін жеткізе алады.

3.Өзінің іс-әрекетіне анализ жасай алу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,плакаттар,оқулықтар,түрлі маркерлер,стикерлер.

Қолданылатын әдістер:Блум таксономиясы,сын тұрғысынан ойлау,талантты және дарынды балаларды оқыту ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқудағы басқару және көшбасшылық,АКТ пайдалану,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту  және оқу.

Жұмыс түрлері: топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұппен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал.Ортаға шығып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Шеңберге тұрып, топқа бөлу.3 мин

Блум таксономиясы бойынша

1.Білім:.2 мин

-Балалар,біз білімді қайдан аламыз? (кітаптан)

-Кітапты қайдан алып оқимыз? (кітапханадан)

Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз КІТАПХАНА.

Сөздікпен жұмыс

Сатылымда-в продаже

Көп білгісі келген адам-человек,желающий много знать

Саздан жасалған тақтайшалар-таблички из глины

Қолжазбалардан-из рукописей

Көшбасшылық туралы-про  лидерство

 2.Түсіну:Мәтінді түсініп оқу,аудару.І топ мазмұндайды,ІІ топ сұхбат құрастырады,ІІІ топ сөзжұмбақ жасау.

                                                  Кітапхана

Мектептердің бәрінде де кітапхана бар. Кітапхананың әрбір адамның өмірінде алатын орны ерекше. Шынын айтқанда, біз оқығымыз келген қызық кітаптардың бәрін сатып ала алмаймыз ғой. Кейбір кітаптар сатылымда болмайды. Ал кітапты жақсы көретін, көп білгісі келген адам кітапханаға барады.

   Ежелгі кітаптар саздан жасалған тақтайшалар мен папирустарға жазылған. Одан беріде кітапханаларда қағаз қолжазбалар жинақталған. Бүгінгі кітапханалардың қоры сол қолжазбалардан, кітаптардан, аудиоматериалдардан, дискеттер,CD-ROM-дардан тұрады. Сонымен қатар қазіргі кітапханалар телекоммуникация желілеріне қосылған, сол арқылы  басқа да кітапханалардың қорын пайдалануға болады.

   Мен көбіне сенбіде кітапханаға барамын. Маған ұнайтыны – тарихи кітаптар. Кітаптарды орыс тілінде де, қазақша да оқимын.

   Мектептегі кітапхананың бай болғаны жақсы. Кейде мен іздеген кітап болмаса, апай маған оны іздеп, компьютерден қарап, қайда бар екенін айтады. Кейінгі кезде көшбасшылық туралы жазылған кітаптарды оқуды бастадым. Кітаптан көп нәрсе аласың, ол сені тәрбиелейді.

3.Қолдану: «Галереяға саяхат» суреттерді А4 парағына жабыстырып,сөйлем немесе сөз тіркесін құрастырады.

Сергіту сәті 2 мин

4.Талдау:Сөйлемдерге синаксистік талдау жасау.

Біздің мектепте кітапхана бірінші қабатта  орналасқан.

Мен сенбіде кітапханаға барамын.

5.Жинақтау:«Кубизм» ойынын  ойнау.

6.Бағалау.әр топтын бағалау парағын жинап алу.3 мин

білім      түсіну         қолдану       талдау       жинақтау    бағалау

Оқушы аты

Мәтінмен

жұмыс

Галереяға саяхат

Синт. Талдау

«Кубизм» ойыны

бағалау

қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты ......«5»- өте жақсы,белсенді  жұмыс істегені үшін

Оқушының аты ...... «4» - жақсы жұмыс істегені үшін

Оқушының аты ...... «3» - барлық тапсырмаларға белсенді  қатыспағаны үшін

Оқушының аты ...... «2» -сабаққа қатыспағаны үшін

Үйге тапсырма:263 бет,2-тапсырма

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.