Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Менің сүйікті әнім" 6 сынып
02.09.2015 1041 92 Оразалина Кульмираш Жанболатовна

Сөздік: 
есту – слушать 
парызды – обязан 
аяулы – заботливая 
мәңгілік – вечный 
ұмытылмайды – не забудется 

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Менің сүйікті әнім
«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», - деп басталатын ән. Бұл әнді бірнеше рет радиодан, теледидардан кішкентай кезімнен еститінмін. Әнін жазған белгілі халық композиторы. Бұл ән өте маңызды. Сөздері әр адамға жақын, өйткені бұл ана туралы ән. Әр адам өз анасының алдында парызды. Ана – бұл өмір, ана – ең аяулы, қымбатты жан. Бұл ән әлемдегі барлық аналарға арналған. Бұл мәңгілік ән, ешқашан ұмытылмайтын ән.

2-тапсырма. Сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударып, олармен сөйлем құраңдар.

Нардный композитор, дорогая, никогда, слушать, мир.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ қойып жазыңдар.

1. Мен ертең киноға бар... жатырмын.
2. Мен саған кел... едім, сен кет... қалыпсың.
3. Шешемнің уақыты болма... жатыр.
4. Асан сабаққа дайындалма... келді.


4-тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеңдер.

Етістік Шартты рай Қалау рай Ашық рай /өткен шақ/
келу
оқу


5-тапсырма. Диалогті оқып, жалғастырыңдар.

- Азат, сенің өміріңде әндер қандай рөл атқарады?
- Менің өмірімде ән тәрбиелік рөл атқарады.
- Сен қандай әндерді ұнатасың?
-
6-тапсырма. Жалаң және жайылма сөйлемдерді белгілеңдер.

1. Әжесі тәрбиеледі.
2. Абай көп шығармалар жазды.
3. Астанада әдемі тұрғын үйлер бой көтерді.
4. Көктем келді.

Үй тапсырмасы

Берілген етістіктерді жіктеңдер.

Етістік Шартты рай Қалау рай Ашық рай /өткен шақ/
ақылдасу
көру
бару

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.