Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Наурыз" 4 сынып
27.08.2015 737 88 Бисарина Гульмира Айтбаевна

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.
Жаңа сөздермен танысу,олармен сөз тіркесі және сөйлем құрастыру.
2.Дамытушылық: Мәтінді түсініп, аудару қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу,қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы( модульдік технологияны қолдану)
Көрнекілік: Мейрам көріністерін бейнелейтін суреттер,кітаптар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі :1. Сыныпта кім кезекші? 2.Сыныпта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бүгін ауа райы қандай? Бүгін күн жылы (суық,салқын)
2.Бүгін аптаның қай күні? Бүгін жұма. 3.Қазір қай ай? Қазір ақпан. 4.Ақпанның нешесі?
Ақпанның жиырма екісі.5.Келесі ай қандай? Келесі ай наурыз.
IV. Жана тақырып: Сөздік жұмыс: а) оқу,аудару ә )сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. б) жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын менгерту
Қызығұшылығын ояту (ассоциациалық карта)
в) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп, дауыстап бір ырғақпен оқимын. Оқушылардың
дұрыс оқылуын қадағалау. Сөздікті пайдалана отырып,мәтінді аудару.
Сұрақтарға жауап беру.
Г)Сергіту сәті:
Бір,екі,үш 2рет, ал кәнеки үш.
1 оқушы:
Наурызым,армысың!
Ата-бабам тойлаған
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған,
2 оқушы: Наурыз тойы.
Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа бөленді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
3оқушы: Сәнді көктем-нұрымыз,
Наурыз тойы-жырымыз,
Көңіл гүлдей жайнасын!
Құлпырып тұр қыр мен ой,
Құтты болсын Наурыз той!
V.Бекіту
1жаттығу. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Наурыз мерекесі көктемде тойланады. 2. Адамдар бұлақтарды тазартады.
3.Біздің елімізде жаңа жылды екі рет тойлайды. 4.Бұл күні балалар қуанады.
5.Дастарқанның басты тағамы-наурыз көже.

Диалог : 2 оқушы
–Наурызда қандай мерекелер бар?
–Наурызда әйелдер мерекесі мен Наурыз мейрамы болады.
– Осы мерекелер қалай өтеді?
–Бұл мерекелер жақсы, көңілді өтеді.

VI. Тест ( «иә», «жоқ» деген сөздермен жауап беру)
1. Наурыз мерекесін қыс ортасында тойлайды.
2. Наурыз тойында шырша орнатады.
3. Қыста табиғат оянады.
4. Наурыз айын адамдар көңілді қарсы алады.
5. Наурыз көжені 6 түрлі азықтан жасайды.

VII. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы

Балалар,Наурыз туралы мәліметті бір сабаққа сыйдыру мүмкін емес. Бүгін айтылмай қалған мәліметтерді келесі сабағымызда жалғастырамыз. Наурыз туралы ән,тақпақ үйренеміз.Сендер бүгінгі өткен сөздерді жақсылап жаттап,оқып келіңдер. Өздерінде Наурыз туралы тақпақ, өлең жинаңдар.
Үй тапсырмасы: 139бет «Наурыз»-өлеңнін жаттау. 2жаттығу ,139бет

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.