Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Менің әуес ісім - ас дайындау. Етіс" 7 сынып
15.08.2015 1445 151 Байгужина Гульсум Армашевна

Жалпы мақсаты

Өзінің әуес ісі туралы, әуес іс дегеннің не екенін айта алуға үйрету. Тақырып бойынша сөздерді игеру. Оларды сөйлеу барысында қолдана алуға дағдыландыру. Етістік формаларын пысықтап өту.Етіс жұрнақтарын айыра алуға, етістікті етіс жұрнақтары арқылы түрлендіріп  қолдана алуға,ас дайындау ережелерін өз тәжірибесімен ұштастырып айта алуға үйрету.

Өзіне  ұнайтын іс жайында ойландырту, мәтіннен керекті мағлұматты ала білу дағдысын дамыту,  есте сақтау қабілетін дамыту, тез ойлауға, жан-жақты ойлауға дағдыландыру, өзін –өзі, сыныптастарын бағалауға үйрету.

Бос жүрмеуге, уақытты бағалауға үйрету, саламатты өмір салтын насихаттау.

 

Оқыту нәтижесі

Жалғау, шылауларды, етістіктің рай, шақ формаларын, етіс жұрнақтарын біледі, сөйлеу барысында сауатты қолданады. Деңгейлі тапсырмаларды орындай алады, мұғалімнің айтқанын түсінеді. Топпен жұмыс істей алады, бағалай біледі.

 

Негізгі идея

Сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда СТО стартегияларын қолдану, функционалды сауаттылықты арттыру.Гамматикалық білімдерін ауызекі сөйлеу барысында қолануға жаттықтыру. Қазақша сөйлеуге ынталандыру.

 

 

Құралдар, қолданылған материалдар

Оқулық, моноблок, флипчарт қағазы, фломастер, тақырыпқа байланысты түрлі суреттер.

 

 

Жұмыс кезеңдері

уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

бағалау

 

1.Кіріспе .

 

 Жағымды орта туғызу, тренинг қолдану.

 

 

Ой қозғау.

 

 

3 мин

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

2 мин

Амандасу.

 

 

Балалар, қазақ тілі сабағы басталды, бәріміздің көңіл-күйіміз жақсы. Қане,  бір-бірімізге әдемі сөздер айтамыз(сын есімдер).

 

 

Енді, балалар тақтаға назар аударыңдар. Бірінші тақтадағы суретке қарап қандай тақырып қоюға болады?

«Әуес іс». ӘУЕС ІС деген не, қалай түсінесіңдер? Қандай әуес іс түрлерін білесіңдер? Қане, шеңберге шығып, бір –бірімізге осы тақырып бойынша сұрақ қойып көрейік және өткенді еске түсіреміз!

Ал екінші тақтадағы суреттерге қарап қандай атау қоюға болады?

Міне, балалар сендер тақтадағы суреттерге қарап сабақ тақырыбын анықтадыңдар.

Сонымен сабақ тақырыбы –«Менің әуес ісім- ас дайындау»

Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болу керек, қалай ойлайсыңдар?

Әуес туралы айта білуге үйрену;

Ас дайындау туралы айта білу;

Ол үшін біз не істеуіміз керек? Сонымен сабақ жоспары:

1.      Ойтолғау

2.      Грамматикалық формаларды пысықтау;

3.      Етіс жұрнақтарын қолданып үйрену.

4.      Мәтінмен жұмыс істеп, керекті мағлұматты аламыз.

5.      «Ұлттық тағамдар» тақырыбын қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы.

6.      Бағалау.

7.      Үй жұмысы.

 

 

Балалар  бір-біріне жылы сөздер айтады.

 

 

 

 

Бірінші тақтадағы суреттерге қарап отырып  тақырып қояды.

 

Балалар шеңберге шығып бір – біріне «Әуес іс» тақырыбы бойынша тізбектеліп сұрақ қояды.

 

 

 

 

 Суреттерге қарап отырып сабақ тақырыбын анықтайды.

 

Балалар тақырып бойынша өз түсінігін айтуға тырысады.

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарын  мұқият тыңдайды, өз ұсыныстарын айтуға рұқсат ету керек.

 

Формативті

 

Қолпаштау

 








Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.