Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Ауа райы. Тіл дамыту" 3 сынып
08.08.2015 1292 0 Мурзагалиева Салтанат Букабаевна

Жеңістің 70 жылдығына аралған сабақ. 
Білімдік:
Модуль бойынша оқушылардың білім сапасын бақылау. Қосымша жұмыстар ұйымдастыру.Оқу техникасын жандандыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік:
Өз Отанының батырларын біліп, құметтеуге,тәрбиелеу. Бейбітшілік туралы әңгіме жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: кітап көрмесі, портреттер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, іздендіру.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Түгендеу.
3.Оқушылардың сабаққа аудару, оқу-құралдарын түгендеу.

ІІ.Сұрақ-жауап.
1.Өткен сабақтарда біз не туралы айттық?
2.Қандай жыл мезгілін білеміз?Атаңдар.
3.Осы жыл мезгілдерінің атауларымен саты бойынша сөйлем құрастырыңдар.
Керек сөздер: ойнау, егу,демалу,шомылу,жинау,бару.
4.Жыл мезгілдері қандай болады? Күзде? Қыста?Көктемде? Жазда?
5.Қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді?
6.Қандай мерекелерді білесіңдер?Атаңдар.

ІІІ.Жеңіс күні туралы мәлімет.
1.Сіздердің отбасыларыңда ата-бабаларың да соғысқа қатысты.
(Аталары туралы мәлімет).
2.Біздің мектеп қай көшеде орналасқан?

ІV.Мәтінмен жұмыс.
А)Құрақ кесте арқылы сөздікпен жұмыс.
Ә) Мұғалімнің оқуын тыңдау.
Б)Тізбектеп оқып, аудару.
V. Мәтін бойынша кластер құру.
Даңқты батыр Соғысқа қатысты Ардақты ұл

Жауынгерлер құрметтейді дивизия басқарды Мәскеуді қорғады
VІ. «Барлаушылар» ойыны.
Екі оқушыға бір парақша үлестіріледі. Әр парақшада әліпби мен саңдар жазылған. Сол арқылы сөздер құрастыру.
Әліпби
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ
Дд Ее Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл Мм Нн
ң Оо Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх
Һһ Цц Чч Шш Щщ Ъъ
Ыы Іі Ьь Ээ Юю Яя
10,1,26
15,1,31,1,23,17,1,18
30,1,16,37,15
3,1,24,15,1,23,7,37
VII. Бекіту,бағалау.
Сабаққа жақсы атсалысқан оқыларды бағалау,марапаттау.
VIII.Үйге тапсырма.
Кластер бойынша әңгіме құрастыру.

Бауыржан Момышұлы
1941-1945 жылдары Бауыржан Момышұлы фашизмге қарсы соғысқа қатысты. Жаудан Мәскеуді қорғады. Дивизия басқарды. Жауынгерлер Бауыржанды құрметтеді.
Бауыржан –халықтың ардақты ұлы, даңқты батыр.

Жаңа сөздер:
Қарапайым-простой
Жан-душа,сердце
Ар - честь
Басқарды – руководил
Құрметтеді – уважали
Ардақты – почтенный