Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Ойын арқылы үйренеміз» 1 сынып
22.06.2015 902 0 Абленова Назым Адиловна

5 жастан 6 жасқа дейінгі балалары ересек тобы үшін
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
в группах для детей от 5 до 6 лет
Өткізілетін күні, айы, жылы/число, месяц,год проведения: «___»_____20___ ж./г.
Білім беру саласы/ Образовательная область/:Қатынас

Мақсаты/ Цель/: тақырып бойынша сөздік қорларын молайту.
Білімділік міндеті/Образовательная задача/:бұрынғы өтілген тақырыптарды қайталап еске түсіру арқылы сұраққа жауап беруге дағыландыру.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача тіл байлығын жетілдіру; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру; есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача/: қазақ тіліне деген қызығушылқтарын арттыру.
Көрнекі құралдар/ используемый материал/: орман көрінісі, ішінде тапсырмасы бар 5 конверт (құстар, үй жануарлары туралы мақал, жабайы аңдар, отбасы мүшелерінің
Әдіс-тәсілдер/методы-приемы/: жұмбақ, көрсету, түсіндірме, сұрақ-жауап,ойын практикалық.
Қостілділік компоненті/ Билингвальный компонент/: орман-лес, құстұмсық-птичий клюв, тіс-зуб, тал-деревья, құмыра-кувшин.
Әрекет кезеңдері/
Этапы деятельности Педагогтың іс-әрекеті/
Действия педагога Балалардың іс-әрекеті/
Деятельность детей
Мотивациялық-қозғаушылық/
Мотивационно-побудительный Шаттық шеңбері.
Біздің топта балалар
Тату –тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды. Балалар шеңберге тұрып бір-біріне тілек айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру/
Организационно-поисковый Кіріспе әңгіме.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қай ай?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қандай сабақ?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Кімде-кім дұрыс, жылдам жауап берсе, сол жеңіпаз болады.
Балалардың назарын алдын ала дайындаған көрнекі-құрлдарға аударып бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтетіні жайлы түсінік беру, қане балалар айтыңдаршы үстелдің үстінде нелер жатыр?
Дұрыс, мен зырылдауық айналдырамын тоқтағанда, конверттің ішіндегі тапсырмларды орындайдамыз.
1-конверттегі тапсырма.
«Үй жануарлары туралы мақалдар».
Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
Дұрыс. Енді үй жануарлары туралы мақал кім айтады?
Жарайсыңдар балалар. Үй жануарлары туралы мақалдарды біледі екенсіңдер.

Зырылдауықты айналдырайын.
3-конверттегі тапсырма.
Д/д ойын «Құстардың» қиылған суреттері.
Алдарыңда жатқан құстардың қиындыларын қазақша дұрыс атап мына әдемі үлкен талға жабыстырайық.
«Ұшты-ұшты» ойыны ойналады

2- конверттегі тапсырма.
«Үйде біз нешеуміз?»
Балалар отбасында неше адам барын, олар кімдер екенін сөз тіркесі арқылы айтайық.
Дұрыс балалар. Өз отбастарыңды дұрыс атап және санап шықтыңдар.
Сұрақ-жауап.
5-конверттегі тапсырма.
«Жабайы жануарлар»
Жабайы жануарларды біз қайдан көре аламыз?
-Мынау қандай жануарлар?

-Олар қайда мекендейді?
-Орманда нелер көп?

4-конверттегі тапсырма. «Оюлар» Балалар қазақ халқы көптеген бұйымдарын оюлармен әшекелейді. Бізде бүгін мына құмыраны құстұмсық өрнегімен безендіреміз. Оюлардың атауларын қазақша дұрыс айтып, құмыраны безендіруге кірісейік. Балалар.
-Қазақ тілі сабағы
-Көктем мезгілі
-Сәуір айы
-Бүгін жұма
Балалар жұмбақтың жауабын шешеді.

Балалар конверттер, зырылдауық, құмыра - деп жауап береді.

Балалар сиыр, жылқы, қой, түйе, ешкі, ит, мысық-деп айтады.
1.Бала: Қойдың сүті қорғасын.
2.Бала: Ешкі- тұқымы-егіз лақ,
Қой тұқымы-қоңыр тұсақ.
3.Бала: Ер қанаты ат.
4.Түйе ботасымен жарасты,Тамақ батасымен жарасты.
5.Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп.

Балалар құстардың атауларын дұрыс атап, талға жабыстырады.

Іс- қимылды қайталай отырып денелері шынығады.
Мен, менің атам, менің әкем менің әжем, менің шешем, менің ағам бар.
Отбасында біз алтаумыз.

-Жабайы жануарларды орманда, хайуанаттар бағында көреміз.

- Қасқыр, түлкі, аю, қоян, кірпі шешен, тиын.
-Орманда мекендейді.
-Орманда талдар
құстар көп.

- құс тұмсық.
- көбелек.
(құмыраны безендіреді)
Рефлексивті-түзетушілік/
Рефлексивно-корригирующий Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұраймын. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатамын Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.

Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат/:
Нені біледі/ что ребенок знает (Знать): өтілген сабақ туралы түсініктері қалыптасады.
Қандай түсініктерді игерді/ как ребенок освоил материал (Иметь)/: орман, өрнек, құстұмсық, тіс, тал- құмыра сөздерін игереді.


Қазақ тілі мұғалімі: Н.А. Абленова қолы/ подпись