Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Дауыссыз К мен Г" 2 сынып
24.05.2015 1979 166 Тасыбай Акбота Каиргельдиновна

Сабақтың мақсаты: түбірдің соңындағы к дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда к дыбысы г дыбысына өзгеретінін түсіндіру
Пәндік нәтиже: сөздердің жуан ж/е жіңішке айтылуына байланысты берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жазуға үйрету. Сауатты жазуға баулу.
Тұлғалық нәтиже: сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, еңбексүйгіштікке, тазалыққа үйрету
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді пысықтау.
Ережені жатқа айту.
Суреттермен жұмыс. К-ге аяқталған атауды айтып, оған дауысты дыбысты қосу арқылы болған өзгерісті анықтап айтып беру.
-К қандай дыбыс?
-Г қандай дыбыс?
Жаңа сабақ.
Тақтамен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Бесік, жөргек сөздерінің алдына менің, сенің, оның сөздерін қойып жаз.
− К дыбысы қандай дыбысқа айналды?
− Ата мен әжені неліктен дана деп атайды?
Өздік тапсырма.
2-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын үлгіге қарап жаз.
Көйлек-көйлегі, есек-есегі, үйрек-үйрегі, көжек-көжегі.
Сергіту сәті.
Карточкамен жұмыс.
4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерді қосымшасыз оқу.
- Өзің малды бағып-қағуға көмектескен кездерің болды ма?
Бекіту.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз. Сөздердің мағынасын түсіндір, егістік, діңгек сөздерін қатыстырып, сөйлем құра.
Егісті... – егісті...і, діңге... – діңге...і, жүзі... – жүзі...і, ләйле... – ләйле...і, өсімді... – өсімді...і.
Қорытынды.
К мен Г-нің, Қ мен ғ-ны салыстыру
Үй жұмысы.
5-жаттығу.( 53 бет )
Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.