Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Жыл он екі ай" 9 сынып
19.05.2015 1136 0 Омарова Акбота Амантаевна

Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу.Диалог арқылы тіл байлығын дамыту. Жаңа сөздерді меңгерту.Сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлесу. Тәрбиелік мәні. Қазақ тілі сабағыны деген сүйіспеншілігін арттыру. Әдіс-тәсілдер : Сұрақ-жауап, сөйлесу. Көрнекіліктер: интерактивтақта, презентация, үлестірмелі кестелер,суреттер
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру. 2.Сұрақ-жауап. 3. Топқа бөлу 4.Жаңа сабақ. 5.Сабақты бекіту.
1.Ұйымдастыру кезеңі --Сәлеметсіздер ме құрметті тыңдаушылар,менің аты-жөнім Ақбота Амантаевна. Осы сабақ кезінде сіздермен танысамыз деп ойлаймын.Сабақтың алдында бір-бірімізге тілек айтып , білдірген тілектерді осы ағашқа жазайық. (1флипчарт ағаш) -Бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып көріңіздерші. Не себепті сендердің алдыңызда суреттер жатыр?Ал енді ,кім маған жауап береді,бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? -Енді біз екі топқа бөлінеміз.Жаңбырлы күн, күз суреттері бір топқа отырыңыз.Ал ыстық күндер (жаз) және қыс суреттері екінше топ.
Тақтаға назар аударыңыз. (2 флипчарт) Жаңа сөздер.(жаңа сөздерді оқу)
Қыс-зима Көктем-весна Жаз-лето Күз-осень Желтоқсан-декабрь Наурыз-март Маусым-июнь Қыркүйек-сентябрь Қаңтар-январь Сәуір-апрель Шілде-июль Қазан-октябрь Ақпан-февраль Мамыр-май Тамыз-август Қараша-ноябрь
(Әр топқа тапсырма)Осы суреттер бойынша және жаңа сөздерге қарап әңгіме құрастырындар . . 1 тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіздер. 1.Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды? 2.Жаз айын ұнатасыз ба? 3.Қар қай мезгілде ериді? 4.Адамдар суға жылдың қай мезгілінде шомылады? 5.Қыста күн суық бола ма? 6.Қай мезгілінде күн салқындайды?
Сұраулық шылау (Вопросительная частица) ма ,ме ,ба ,бе ,па ,пе ,ше Қар ма?ұнатасыз ба?бар ма? Сен ше? Сұраулық шылаулар (вопросительные частицы)
ма? ме? ба? бе? па? пе?- ли?
(Вопросительные предложения содержат вопросительные частицы ма,ме, ба, бе, па, пе.
Они соответствуют русской частице ли.
После гласных и букв р,л,й,у – Дауысты дыбыстар мен р, л, й, у әріптеріне кейін – ма ,ме, сұраулық шылаулары жалғанады.
после звонких и букв м,н, ң- ұяң дауыссыз дыбыстар мен м, н, ң әріптерінен кейін ба, бе, сұраулық шылаулары жалғанады.
после глухих -қатаң дауыссыз дыбыстардан кейін – па, пе, сұраулық шылаулары жалғанады. (флипчарт) Жапырақ .... ? Қала ....? Суық ....? Жаңбыр ...? Аяз ...? Ыстық ...? Егін ...? Жасыл ....? Гүлдер ...? Аппақ ...?
2 тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз. (Қай топ тез және дұрыс орындайды)
Үлгі:Қыста қар жауа ма? Иә, қыста қар жауады. 1Қыста жаңбыр жауа ма? 2Қыста күн ыстық бола ма? 3Күзде жаңбыр жауа ма? 4 Қыста жер көгере ме? 5 Жазда аяз бола ма ? 6 Жазда ағаш жапырақтары сарғая ма?
3 тапсырма 1 топқа Мәтінге ат қою,орыс тіліне аударту. Оқыңыз.Маған жаз айы ұнайды.Жазда күн жылы болады.Адамдар күнге күйіп ,суға шомылады.Мен жазда демалысқа шығамын.Көктем де ұнайды.Көктемде қар еріп,ағаштар бүршік жарады..Көктемде Наурыз мейрамы болады. Күн жылына бастайды.Қыста күн суық болады,қар жиі жауады.Қыста балалар коньки ,шаңғы тебеді.Күзде күн салқындайды.Жаңбыр жауады,ағаштардың жапырақтары сарғаяды.
2 топқа Мәтінге ат қою, сұраулы шылау арқылы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айландыру. Оқыңыз. Бір жылда он екі ай бар.Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс,көктем,жаз,күз.Көктем айлары:наурыз,сәуір,мамыр.Жаз айлары:маусым,шілде,тамыз.Күз айлары:қыркүйек,қазан,қараша.Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
-Бір жылда неше ай бар? -Неше жыл мезгілі бар? -Қазір қай жыл мезгілі? -Көктем айларын ата? -Қазір қай ай? -Сәуір көктемнің нешінші айы?
Сұхбатты тыңдаңыз. Оқыңыз. Михаил, сізге қай жыл мезгілі ұнайды? Маған жаз ұнайды. Неге жазды ұнатасыз? Жазда күн жылы болады.Жазда демалысқа шығамын . Жазда адамдар қайтеді? Жазда адамдар күнге күйіп, суға шомылады. Суға шомылуға қай айда болады? Суға шомылауға ыстық айында болады – ол шілде айы. (Қай жыл мезгілі туралы) ***
Николай,ал сізге қай жыл мезгілі ұнайды? Маған көктем ұнайды,әсіресе мамыр айы. Неге мамыр айы ұнайды? Күн жылы, ағаштар бүршік жарып ,гүлдейді . Мамыр айында қандай мерекелер борлады? Мамыр айында бірінші мамыр -бірлік күні,жетінші мамыр-батыр күні,Тоғызыншы мамыр-Жеңіс күні. (Қай жыл мезгілі туралы) Сіз жылдың қай мезгілінде демалғанды ұнатасыз?(әр адам сұраққа жауап береді)
жазда
Мен күзде
қыста
көктемде
Сіздің туған күніңіз қай айда? (сұраққа жауап беру) Үлгі:Менің туған күнім қаңтар айында. Сергіту сәті (Қызыл алма)
Сурет бойынша жыл мезгілін,айларын тауып жазыңыз. Бұл қай мезгіл?
Сабақты бекіту:
Таңдаңыз да, белгіленіз. (Қай топ тез және дұрыс орындайды)

Аспан ашық.Күн жылынды.Қар еріді.Бәйшешек шықты.
Күн салқын болды.Жаңбыр жауды.Адамдар қолшатыр ұстады.
Күн суық,аяз болды.Қар қылың жауды.Қыста күн қысқа,түн ұзақ болады.
Күн ыстық.Ағаштар желмен тербелді.
Әр топ карточкалар бойынша өз жыл мезгілдерін тауып, постер құрастырып қорғайды.
Карточка №1 Осы жыл мезгілі маған ұнамайды.Күн суық болады. Қар жауады .Адамдар қалың киінеді.Біздің қаламызда ауа температурасы 25-28 градус суық болады.

Карточка№2 Бүгін ауа-райы қандай керемет!Күн ыстық.Су жылы.Суға шомылуға болады.

Карточка№3 Мен осы жыл мезгілін жақсы көремін.Қар ериді.Ағаштар бүршік жарады.Жер көгереді.

Карточка№4 Менің туған күнім қыркүйек айында.Осы кезде жеміс-жидектер піседі.

Карточка№5 Жаңа жыл келді.Далада қатты аяз тұр.Бүгін бізге Аязата келеді.

Карточка№6 Ертең біз картоп жинауға барамыз.

Карточка№7 Ағаш жапырақтары сарғайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Карточка№8 Бүгін 30-35 градус ыстық.Біз суға шомылуға барамыз.