Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Сөйлем және оның түрлері" 2 сынып
17.05.2015 2077 156 Кабакаева Айгуль Уалхановна


Сабақтың мақсаты: сөйлем және сөз такырыбы бойынша 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрак-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: сөйлем, мәтін құрастыруға қажетті сюжетті суреттер, сөздер жазылған карточкалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялык кеңіл күй орнату.
2. Қайталау сабағы.
1-жаттығу бойынша мұғалім алдымен суретте бейнеленген заттардың атауын сұраудан бастау (мұғалім, гүл, окулық, окушы, мектеп, т.б.). Содан соң сурет бойынша сұрақтарға жауап алады. Сұрақтарға жауап беру үшін сөздерден сөйлем құрастырғандарына назарларын аудару керек. Балалармен сұрақ-жауап түрінде еңгіме жүргізілгеннен кейін мәтін құрастырылады.
2-жаттығуды балалармен жазғы демалысты қалай еткізгендері туралы әңгіме жүргізу. Сөйлемдердегі соз санын анықтайды. Өлеңді іштей бірнеше рет қайталап окығаннан кейін жатқа жазады.
3-жаттығуда берілген сөздерді оқиды. Алдымен осы сөздерді қатыстырып жеке сөйлемдер құрастырады. Содан соң бірнеше окушының осы сойлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады.
4-жаттығу сөйлемдердің ара жігін ажырата білуге арналған. Бұл жаттығу арқылы сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын еске түсіреді.
6-жаттығуда әр сөйлемге бір сөзден қосылып отырады. Оқушылар әр сөз қосылған сайын сөйлемнің мағынасы кеңірек ашыла түсетінін байқайды.
3. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау үшін мынадай сұрактар қоюға болады:
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің қандай түрлері бар?
- Сөйлемнің сезден қандай айырмашылығы бар?
- Сөйлем неден кұралады?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөз неден құралады?
- Сөйлемнің алғашқы сөзі қандай әріппен жазылады?
- Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
4.Үйге тапсырма:
5-жаттығуда мақалдың жалғасын іздеп табу. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына байланысты білімнің адам өміріндегі маңызына арналған.

Бағалау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.