Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Тіркескен сөздер" 6 сынып
15.05.2015 959 160 Шаймерденова Асем жанатовна

Басқару жоспары

Жоспардың мазмұны

Сыныппен қалай сәлемдесемін?
Мен сыныппен кабинетке кіргенде сәлемдесемін.
Сабақты қалай бастаймын?
Психологиялық дайындықтан бастаймын.

Оқушыларды қалай топтастырамын?

Санау арқылы топқа бөлдім

«Тәртіпсіз» оқушылармен не істеу керек?

Мұғалім оқушыламен сыпайы болуы  тиіс. Егер оқушы өзін тәртіпсіз ұстаса, оған ескерту жасау керек.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен  жұмыс әрекеттерін дамыту. Тапқырлық, ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Оқушылар  нені біледі?

-Өткен сабақтарға байланысты сұрақтарға жауап беру

-Тіркескен сөздердің түрлерін ажырата біледі және топпен жұмыс істей алады

Сыныпта оқушылар мақсаты бірдей болып табыла ма?
жаңа тақырыпқа байланысты оқушылар дың алдына қойған мақсаттары бір болады.

 

Оқушылар сабақ соңында нені жасай алады және нені үйренеді?
-  Тіркескен сөздердің  екі түрі бар екенін біледі

-Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады, ал тұрақты тіркестің құрамындағы сқздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайтынын

 

 

Мен оқушыларды қалай бағалаймын?
Бағалау парағын әр топтың көшбасшысына беремін, ол өзінің тобының оқушыларын бағалап отырады, ал кемшілік пен жетістіктерін айта отыра мұғалім жиынтық бағалау жасайды, яғни формативтік және суммативтік бағалауды қолданамын.

Сабақтың сәтті өткенін қалай білемін?
оқушылар жаңа тақырыпты өздері талдап аша алуы.

Оқушылардың жауап беруіне қарай және сабақта бесенділік танытуы арқылы.

 

Мен оқуы қиын оқушыларды қалай  оқытамын.
 Оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырмалар беріледі.

Осы тақырыпта қандай тұжырымдамалық қиындықтар бар?
Сабақта уақыттың үнемдеу және білім деңгейі төмен оқушының шеттеп қалмауы.

Менің мақсатым: оқушылар өз ойларын еркін, толық айта білу, әр сабақта белсенділік  таныту, осы сабақта өз мақсаттарына жету.

 

Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?

 Сұрақтарға жауап беру, шрифтограмманы шешу.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.