Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Менің сүйікті кітабым" 6 сынып
17.04.2015 1878 0 Кущанова Баянслу Байкушкаровна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы бойынша ойларын жеткізуге үйрету.
Дамутушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру, сөйлемдерде баяндауышты табуға жаттықтыру.
Тәрбиелік: окушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап ,тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, кестелер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу;
Ә) Тіл дамыту сұрақтары :
- Бүгін айдың нешесі?
-Бүгін аптаның қай күні?
ІІ. Үй жұмысын тексеру
. Мұғалім сөзі:
- Балалар өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Дұрыс айтасыңдар.
-Өткен сабақта «Менің сүйікті жазушым» тақырыбын өттік.
«Менің сүйікті жазушым» әңгімелеу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. - «Сүйікті» бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылар жауабы)
-Енді жаңа сабақты бастар алдында «Сұрақтар сайысын» өткізейік әр оқушы бір сұраққа жауап береді.
- Сендердің сүйікті адамдарың, жануарларың, заттарың қандай?
- Сенің сүйікті адамың кім? (анам, әкем, атам, әжем)
- Сенің сүйікті жануарың не? ( ит, мысық, жылқы)
- Сенің сүйікті тағамың не? (тұшпара, борщ, палау).
- Сенің сүйікті сабағың ше? (математика, тарих, орыс тілі).
- Сенің сүйікті киімің ше? (көйлек, джинсы, спорт киім).
- Сенің сүйікті жыл мезгілің ше? . (қыс, жаз, күз,көктем).
- Сенің сүйікті мерекең ше? (жаңа жыл, 8наурыз, туған күн).
- Сенің сүйікті түсің қандай? (қызыл, ақ, жасыл).
- Сенің сүйікті ойының ше? (футбол, баскетбол, волейбол).
- Сенің сүйікті киноң ше? (Гарри Потер, .........).
- Сенің сүйікті ермегің ше? (ән айту, билеу,сурет салу ).
- Сенің сүйікті жемісің ше? (алма ,банан,алмұрт).
2. Жұмбақ шешіңдер:
Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті кітабым»
Сабақтың барысымен таныстыру.
- Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі тақырыпты жазыңдар.
3.Жаңа сөздермен таныстыру.
сүйікті – любимый/ ая / кейіпкер -герой үйретеді - учит тәрбиелейді - воспитывает жақсы көремін - люблю ұнайды - нравится оқу- читать дана-мудрый
4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестері,сөйлемдер құрастыру.
Сүйікті іс, кітап оқу, көңілді кейіпкер, жақсылыққа үйретеді, әңгіме ұнайды, тез оқыдым, ертегі оқыдым, дана адам.
5.Кластер құру «Менің сүйікті кітабым» 6. - Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
*Кітап - алтын қазына.
*Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
*Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
*Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
*Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
*Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
*Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі
7. Ереже. Тұрлаулы мүше –баяндауыш.
Баяндауыш қимылды ,ойды аяқтайды. Сұрақтары: не істеді?қайтті?қайтеді?
Мысалы: Жазушы әңгіме жазды. Досым келді. Сабақ басталды.
IV. Бекіту.
* Грамматикалық тапсырмалар орындайық!
Көп нүктенің орнына керекті баяндауышты қойып жазу.
Мен қызық кітап ... . Көктемде құстар ... . Оқушы сабақта ... . Біз шығарма ... . Мен ереже ... .
Оқушылар мәтін ... .
Керекті сөздер: отыр,ұшып келеді,оқыдым,жаздық,аударды,жаттадым.
*кітап– сөзді тәуелдеу;
Тест
1. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А)Мен бүгін кітапханаға барамын. В) Оқушылар сабақта отыр. С) Көктем келді.
Д) Кітапты жыртуға болмайды. Е) Бізге көбірек оқу керек.
2.Сөйлемдегі бастауышты табыңыз. Біз кеше мұражайға бардық.
А) мұражайға В) кеше С) бардық Д) кеше бардық Е) біз
3. Бастауыш қай сөз табында екенін көрсет. Балалар далада ойнап жүр.
А) зат есім В) етістік С) сын есім Д) сан есім Е) есімдік
4. Баяндауыш дегеніміз не?
А) сөйлемнің негізгі мүшесі кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
В) іс- қимылды, ойды аяқтайды. С) Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Д) Заттың санын білдіретін сөздер. Е) есім сөздің санын,сынын білдіреді.
5. «Сүйікті» сөзін аудар.
А) интересный В) люблю С) читать Д) любимый Е) нравится
V. Сабақты қорыту.
- Қандай кітаптарды оқуды жақсы көресіңдер?
- Сенің қандай сүйікті кітабың бар?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма. «Менің сүйікті кітабым.» әңгімелеу.