Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Бәйтерек-Астана символы» 6 сынып
01.04.2015 2446 297 Ищанова Калима Бексеитовна

Мақсаты:Білімділік: Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем «Бәйтерек-Астана» монументі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың Астана қаласына деген қызығушылығын
арттыра отырып, ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Астанадагы жаңадан бой көтерген монументке таңдану мен мақтаныш сезімдерін туғыза отырып,Отанын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері, сызбалар, карта, интерактивті тақта /слайд-шоу/
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, география .
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
-Бүгін желтоқсан айының нешесі?
-Аптаныңқайкүні?
-Қазір қай сабақ?
-Қазақ тілі нешінші сабақ?
-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдар?
-Қыс мерекелерін естеріңе түсіріңдер ?
-Бүгін ауа-райы қандай?

Ә) Шаттық шеңбері: - Орнымыздан тұрамыз, шаттық шеңберін құрамыз.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын бір-бірімізге сыйлайық!
-Жақсы. Отырыңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Қайталау-білім анасы»
«Сұрақ-менен, жауап-сендерден»
Топқа бөлу (3 топ) Оқушылар отырған орындарында бір-біріне бұрылып отыру арқылы топтастырылады. Сабақ бойы 3 топ жұмыс істейді
Тест арқылы үй жұмысын тексеру. Оқушылар бір-бірінің тест сауалдарын тексереді.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.
а) Сарыарқа б) шығыс в) батыс с )оңтүстік
2.Астана қаласының символы:
а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек
3.Астана .... қала:
а)көне б)ескі в)бас с)таза
4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы
а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші
5.Астана қаласының тұсаукесер тойы:
а)1998 б)1991 в)1997 с)1995
6.Астананың бұрынғы аты:
а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал
7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а)Еділ б)Есіл в)Қарасу с)Жайық
8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
а )100 –денастам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам
9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:
а)Астана күштіқала б)Астана-Қазақстанныңастанасы в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала
10.Астананың туған күні: а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с) 6 маусым
Жауабы:1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а (мұғалім тексереді)
Оқушыларға сұрақ қою арқылы үйге берген тапсырманы қорытындылау.
1.Қазақстанның неше астанасы болған?
2.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінді орналасқан?
3.Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?
4.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
5.Астана қаласында неше астам ұлт өкілдері тұрады?

Тілдесім.
(Мұғалімнің сұрағы,оқушылардың жауабы.)
-Қар жана ма?
-Әппақ қарға бола ма?
-Инемен құдық қазуға бола ма? -
-Адамның қай мүшесі қорқақ? -
Әр тапсырманы жақсы істеуге тырысыңдар.
1.Сабақтың мақсатымен таныстыру-Сонымен балалар өз топтарынды таптындар
. Олай болса, бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін еліміздің бас қаласы Астана қаласында бой көтерген «Бәйтерек монументі» туралы болмақ.
1.Оқылым.Мәтінмен жұмыс. «Бәйтерек-Астана символы»
Әр топ мәтінмен танысыды. Жаңа сөздермен танысыды.
Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды.Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған ұңғы, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Жер асты бөлігінде кафетерий және үлкен аквариум орналасқан. Ұзын ұңғы бірнеше қабаттан тұрады. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан. «Бәйтерек» - Астана символы бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады
Сөздікпен жұмыс:
Бүгінгі сабағымыздың мәтініне байланысты жаңа сөздермен таныс болайық. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс түрлері: екі тілдегі нұсқасын оқып беру, дауыстап оқу. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу, олармен сөз тіркестерін құрастыру.
биіктік – высота сол жақ – левая сторона
салынды – был построен бөлік - часть
жер асты – подземный темір - железо
ұңғы – ствол дөңгелек - круглый
тас - камень
IY. Қолдану. Оқушылардың біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Топтық жұмыс өткізу.
1-топ мәтінді мәнерлеп оқып,сұрақ - жауап дайындайды.
2-топ мәтін бойынша сурет салады.
3- топ суреттер арқылы мәтінді әңгімелейді.
Y.Сабақты қорытындылау.
Мақсаты: жаңа сабақты оқушы қаншалықты білім алғанын бақылау.
Сұрақтарға оқушылар ж азбаша жауап береді.
1. Астанада 2002 жылы не салынды?
2. Ол монумент қалай аталады?
3. Оның биіктігі қанша метр?
4. «Бәйтерек монументі » Астананың қай жерінде орналасқан?
5. Ол неше бөліктен тұрады
1. «Астана» деген сөзді септеңдер.(1- топ)
2. «Тілек» деген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.(2- топ)
3. «Бөліктерден» деген сөзді сөз құрамына талдау жасаңдар. (3- топ)
Тексеру. Әр топ бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Қорытынды мұғалім тексереді.

YI. Рефлексия.
Бүгін сабақта не білдіңдер, не түсіндіңдер?
Осы сабақта не ұнады?
YII. Үй тапсырмасы: «Астана-Бәйтерек » монументі туралы эссе жазып келіңдер.. Оқушыларға тапсырманың орындалу барысы түсіндіріледі. YIII.Бағалау. Әр топқа қалай жұмыс істегендеріне сипаттама беріп өтемін.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.