Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Менің Отаным" 4 сынып
30.03.2015 1655 278 Кущанова Баянслу Байкушкаровна

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «Менің Отаным» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтай, пысықтай отырып, қорытындылау. 
2. Дамытушылық : Оқушылардың сөйлесу әрекетін есте сақтау, қазақша ойлау, қабылдау, сауатты жазу қабілетін дамыту. 
3. Тәрбиелік: Отанымызға, туған елімізге, қаламызға деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Сабақтың типі: қорытындылау сабағы 
Сабақтың түрі: саяхат сабақ Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу,талдау, қайталау, жинақтау. 
Пайдаланылған дидактикалық және техникалық құралдар: Қазақстан картасы, слайдтар, мақал -мәтелдер,жол дорба ,интербелсенді тақта,бағалау парағы,сөзжұмбақ. 
Пәнаралық байланыс: Өзін – өзі тану,тарих,география. I. Ұйымдастыру кезеңі: Cәлемдесу -Сәлеметсіңдерме. Қане, балалар мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын, шын жүректен сәлемдесейік. Оқушылар шаттык шеңберге тұрады. Сәлем бердік, алтын күн, Сәлем бердік, ашық аспан. Сәлем бердік, Отанға! Сәлем бердік, баршаға! -Бүгінгі сабақ саяхат түрінде өтеді. Сабақта өткен «Отан» тақырыбын қайталаймыз. Саяхатымызды Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнаймыз. - «Отан» сөзін айтқанда ойыңызға не келеді, не елестейді? -Біз сабақта Қазақстан қалаларына пойызбен саяхаттаймыз және жеткен қаланы тақтада ілулі тұрған картаға жұлдызбен белгілейміз. Саяхатымыз сәтті, қызықты өту үшін әртүрлі тапсырмалар орындаймыз, әрбір қаладан өтіп алдындағы карталарында белгілеп, өткен қала туралы 1-2 сөйлем картаның шетіне жазасыңдар. Әрбір қаланы өткенде өздерінді парақтарға 1-5 дейін ұпаймен бағалайсыңдар.Бәрі жақсы,белсенді қатысқандар 5 ұпай қояды. Сабақтың соңында жалпы ұпай қойып, өздерінді бағалайсыңдар. Оқушылардың аты – жөні Жинаған ұпайлары жалпы ұпай бағасы Рудный Астана Қарағанды Алматы Қостанай II. Негізгі кезең: - Біз қай қалада тұрамыз? Сондықтан саяхатымызды Рудный қаласынан бастаймыз. ( Қазақстанның картасына жұлдызбен келген қаланы белгілеп, қалалардың арасында пойыздың дыбысын қосу ). 1. « Рудный» Сиқырлы тапсырма :«Суреттерді сөйлетейік » - Өз қалаң Рудный туралы не айталасыңдар ( монолог, диалог). Рудный Қостанай облысының қаласы. Рудный-әдемі,таза,шағын қала. Қала 1957 жы -лы қаланды.Қала Тобыл өзеннің бойында орналасқан. Қалада емханалар, кітапханалар, мұражай,дүкендер,демалыс орындары, оқу орындары бар.Рудный-кеншілер қаласы. Соколов-Сарбай кен өндіру комбинаты қаланың ірі кәсіп орны. -Сен қай қалада тұрасың? -Мен Рудный қаласында тұрамын. -Рудный қандай қала? -Рудный –әдемі,шағын қала. -Қала қай жылы қаланды? -Қала 1957 жылы қаланды. -Қалада не бар? -Қалада емханалар,кітапханалар,мұражай,дүкендер,демалыс орындары, оқу орындары бар. - Қала қай өзеннің бойында орналасқан? -Қала Тобыл өзеннің бойында орналасқан. 2. «Астана». -Балалар сендер жолға жол дорба алыпсыңдар .Мен де жол дорба алдым,бірақ менің жол дорбам жай емес. Мына жол дорбамда не бар екенін көрейік? Дорбада «Адасқан әріптер» ойыны. Келесі қалаға жету үшін осы әріптерден сөздер құрастырайық. Бұл әріптердің арасында қандай қаланың аты бар? (Ас, ата, ана,тас,ат,тан,ант,сат, сан,нас, Астана ) -Дұрыс Астана. Қандай қалаға келдік? - Астана қаласына келіп қалдық. - Астана Отанымыздың елордасы,біздің отанымыздың жүрегі. -Астана қаласында кім болды? – Астана туралы не білесіңдер? – Астана қаласында нелер бар? (суреттер бойынша көрсетіп айту). - Астана қаласы туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Астана - арман қала, Бағы бір жанған қала. Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Ел жүрегі – Астана, Менің туған мекенім. Ел тілегі – Астана, Әнім,жырым,өлеңім. -Келесі қалаға жету үшін «Астана» сөзді септейміз ( жазбаша түрінде дәптерде, 1 оқу-шы тақтада) Астана қаласына саяхатымыз аяқталды. 3. «Қарағанды» - Қарағанды қаласына жеттік.- Қарағанды қаласына кіру үшін жол дорбадағы келесі тапсырманы орындау керек. Мына жол дорбада тағы не бар екенін көрейік? Жаңылтпаштар бар екен. «Жаңылтпаштар жылдам оқу» сайысы Қалаға өту үшін жаңылтпаштарды екі топқа бөлініп тез оқып айтамыз. Жаңылтпаштар: 1.Қарағандыда көп көмір бар, Қара көмір Қарағандыда бар. 2.Топ бала, топ бала Ойнап отыр топтала Зымырап пойыз өтеді Балалар ойнап, күледі. -Қарағанды қаласына жол ашық.-Қарағанды қаласы туралы не білесіңдер? Қызықты тапсырма : «Сөздерді сөйлетейік»/көмір,қала,көше,тұрғын/ берілген сөздермен бірнеше сөз тіркес және сөйлем құрастырамыз. Сөздерді өте жақсы сөйлеттіндер, сондықтан келесі қалаға жол ашық. 4. «Алматы» - Бір оқушы тақтаның қасына шығады. Оның көзің шарфпен байлайды. Ол қолын дорбаға салып, алып қолымен ұстап анықтайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді. - - Бұл не? Қандай ? Дәмі,иісі қандай екен қалай ойлайсың? -Бәріміз жұмбақ шешейік: Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. /Алма/ - Бұл жемістің аты қай қаланың атында бар? - Алматы қаласына келдік. – Алматы туралы не білесіңдер? « Алматы қала» сөз тіркесті тәуелдеу ( жекеше түрі),тәуелдік жалғауды қайталау. -Біздін отанымыз үлкен, көп ұлтты, тәуелсіз, жері кең – байтақ. Отан туралы қандай тақпақ,мақал – мәтелдер білесіндер? Қазақстан туралы тақпақтар. 1.Қазақстан елім менің, Қазақстан жерім менің. Саған арнап айтылады, Әнім менің. 2.Алатаудың аясында, Гүл жайнаған саясында, Гүлге ұқсап өсіп келем, Үкендікке көшіп келем. 3. Қазақ жері Қазақстан, Мөлдіреген ашық аспан. Алыс кетсем сағынамын, Отаным сен – Қазақстан. 4.Отан - жерім,Отан - суым, Отан қуат,нәр береді. Отан - ұран,Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді. 5.Отан туған үйіміз, Отан туған жеріміз. Отан ортақ үйіміз, Көңілді ән мен күйіміз. 6.Керемет биік тауларың, Кестедей бақта бауларың, Айнадай мөлдір көлдерін, Анамдай ізгі елдерің. 7.Қамқоршы саған да, Оған да маған да Отандай қымбатты Жер – көктен табам ба? 8.Отан – менің ата-анам, Отан – досым,бауырым. Отан – өлкен,астанам, Отан – аудан,аулым. 9. Отан – асыл анамыз, Ана сүтін ақтаймыз. Есейгенде ер болып, Елді жаудан сақтаймыз. 10.Жайнаған жансыз қаласы, Жайқалған жомарт даласы. Ел – Отан біздің кең-байтақ. Отанның біздер баласы. Мақал-мәтелдер: Отан елдің анасы, Ел ердің анасы. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. Отан отбасынан басталады. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. Отансыздың оты жанбайды. Отан үшін күрес - ерге тиген үлес. Отан үшін отқа түс - күймейсің, Арың үшін алыссаң - өлмейсің. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. Отаның тыныш - сен тыныш. 5. «Қостанай» -Балалар саяхатқа,алыс жолға шыққанда азық-түліктен не аламыз?-Миша сен жолға не алдың? ( тоқаш) Тоқаш неден жасалады? ( ұннан) -Қай облыс астыққа бай?(Дұрыс Қостанай облысы астыққа бай өлке.) - Қостанай қаласына келіп қалдық. - Қостанай қандай қала? - Карта бойыша Қазақстан қалаларын көрсетіп, не білетіңімізді айтамыз. Қостанай облысының орталық қаласы – Қостанай.Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің сол жағасында тұрғызылған. Қостанай –үлкен,әдемі қала. Қалада емханалар, дүкендер,мұражайлар,кітапханалар, көптеген оқу орындары бар.Қостанай қаласын -дағы көптеген ескрерткіштер мен монументтер бар.Қалада «Баянсұлу» кондитер фабрикасы бар. Оқушы: - Қазақстанда 14 облыс бар. Қалалары: Астана, Қарағанды, Алматы, Рудный, Ақтөбе, Тараз, Петрапавл, Шымкент, Қостанай..... – Қазақстан қалалары үлкен, әдемі. III. Қорытынды: Сөзжұмбақ шешу «Қазақстан» 1. Ұлт (қазақ) 2. Қазақстанның елордасы (Астана) 3. Көктем мерекесі (Наурыз) 4. Қазақстандағы теңіз (Арал) 5. Қазақ халқы қандай халық? (қонақжай) 6. Қай облыста тұрамыз? (Қостанай) 7. Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге) 8. Город (қала) 9. ҚР мемлекеттік рәмізі (әнұран) Қ А З А Қ С Т А Н Мұғалім: -Осымен біздің саяхатымыз аяқталды . Кім қанша ұпай жинады? Сондай баға алды. 23-25 - «5» 22-18- «4» 17-15- «3» Рефлексия. Балалар тақтаға шығып карталарын іледі. /2-3 оқушы карталарына жазған сөйлемдерді оқиды./ -Балалар « Жүректен – жүрекке» шеңберін жасап Отанымызға жақсы тілектер айтайық. ( Отаным өркендесің, гүлденсің, соғыс болмасың, алға жүрсің, тыныш болсын, бай болсын........).

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.