Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Қайталау. Сан есім" 2 сынып
27.03.2015 3333 0 Кадырбаева Жумакуль Шакимовна

1 слайд.Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін еске түсіру,сан есімдерге сұрақ қою,олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табуға үйрету.
2.Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3.Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тірек-сызба, сюжетті суреттер, кеспе қағаз,интерактивті тақта,слайд
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жаңа технологияның элементтері,топпен жұмыс, талдау.
Түрі: дәстүрлі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Слайд. 1.Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
2.Сабақтың мақсатын хабарлау
Топпен жұмыс
ІІ.Үй жұмысын тексеру
471 жаттығу
«Туған жер » тақырыбына әңгіме құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
3 слайд Бүгін сабақ ерекше болады , біз бүгін циркке барамыз.
Циркке бару үшін не алу керек?
-Билет.
-Дұрыс.(Сұрақтар)
1.Адамдарға қандай сұрақтар қойылады?
2. Жан- жануарларға қандай сұрақтар қойылады?
3. Зат есім деген не?
4. Сын есім деген не?
5.Етістік деген не?
6.Сан есім деген не?
7.Жалқы есім деген не?
Циркта кімдер, нелер болады?
-Сайқымазақ, аңдар т.б.

4 слайд
Жұмбақ
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
-Бізге өз өнерін көрсету үшін не келіп тұр?
Қоян
Оның тапсырмасын орындайық
472 жаттығу
Мәтінді оқып ,сан есімдерді тап..
Арсытан туралы не білесіңдер?
Ақ арыстандардың табылғанына отыз жылдай ғана уақыт болды. Олар өте сирек кездеседі. Ұзын саны 70 аспайды.Барлығы дерлік тек хайуанаттар бақтарында кездеседі.Ал табиғи ортада олррға қауіп- қатер көп.Басты жаулары- өздерінің сарғыш тұқымдастары.
5 слайд
Топпен жұмыс
1 топ Бес жол өлең
2 топ Эссе
6 слайд
Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?
Түлкінің өнерін көру үшін 473 жаттығуды орындау керек.
Көп нүктенің орнына тиісті сан еімдерді қой.Сан есімдерді тап, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Асқар сегіз жаста. Ол екінші сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа жүз теңге тұрады.
7 слайд
ІV. Сергіту сәті
1,2,3,
Қане қағат ,қағамыз
1,2,3,
Қарлығаш боп ұшамыз.
1,2,3,
Жинап алдық күш.
8слайд
V.«Ойын кім жылдам»
Ребусты шешу.Сан есімдерді тап.
1топ:Жаздың бір күні
2 топ: Қыстың мың күнін.
8 слайд Шырша саясы – күркесi,
Өзi орман еркесi.
Қарғып жүрер жан-жаққа,

Өте құмар жаңғаққа.
-Тиін өз өнерін көрсетуге келді

-Ол үшін тапсырманы орындаймыз.
475 жаттығу
Бағандағы сөздерге сұрақ қой. Салыстыр.
Бір біреу
Екі екеу
Үш үшеу
Төрт төртеу
Бес бесеу
Алты алтау

Жеті жетеу
9 слайд
Жеміс – жидек жегенім,
Балды жақсы көремін
VІ.Терме диктанты
Сөздерді топтастыру
1 топ: Сан есімдер
2 топ Сын есімдер
Жылыды,он екі, қызыл, жаңбыр ,алты, биік, қауын, үшкір, оныншы,ауыл, таза, алды, тоқсан.қалам, аласа.
10 слайд
Кластер

11 слайд
VІІ.Қорытынды
1. Сабақ ұнады ма?
2. Нені білдік?
3. Нені үйрендік?
12 слайд
VІІІ.Үй жұмысы
476 жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрау.
ІХ.Бағалау