Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Мектеп неше қабатты? Сан есім" 5 сынып
19.03.2015 978 158 Ахатаева Анара Бердешевна

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушылардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту, сан есім алған білімдерін қайталау .

2.     Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру

3.     Ата-анаға, жолдастарына, мұғалімдерге  деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ (аралас)

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, СТО, түсіндіру, сөйлем құрау, мақал - мәтелдер, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Мектеп суреті, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

І Үйымдастыру кезеңі: Біз бүгінгі сабағымызды бір–бірімен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 

1) Психологиялық кезеңі
Бір бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.
Бүгінгі күн сәтті болсын,
Отбасымыз аман болсын./ 1 слайд/

2)Көңілді санамақтар /2 слайд/
К2 лік
Баласына ж2ріп
Ұрысып жатыр к2лік
2леніп, с 2ріп
Алып қапсың 2лік
2ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2рді.

ІІ.  Жаңа сабақ:

1./Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мына тапсырмаларды орындайық.

    а/.Берілген  әріптерден сандардың өсу ретімен сөзді  құра  /3 слайд/

    4  2  6  1  3  5   

    т  е  п  м  к  е

    ә/ Биыл нешінші жыл:

       0  5  1   2

       е  е  ш  н

    б/ .Енді сандардың кему ретімен сөзді құра

     2  4  7  5  3  1  6 

     т  а  қ   б  т  ы  а 

2./ Өте жақсы ,бірақ ол лексикалық тақырыбымыз, балалар, ал енді грамматикалық тақырыбымыз қандай екен деп ойлайсыңдар? Жаңа орындаған тапсырмаларында тапсырмалар нелер арқылы берілген? Міне қараңдаршы.

- Дұрыс, грамматикалық тақырыбымыз  сан есім қайталау.

3./ – Бүгінгі сабақтың тақырыбы Мектеп неше қабатты? Сан есім. /4слайд/ Мақсатымыз: оқушылардың мектеп туралы түсініктерін кеңейте отырып және сан есімнен алған білімдерін қайталау арқылы ауызекі сөйлесу тілдерін дамыту. Дәптерлерімізге бүгінгі күнін, тақырыбын жазып алайық.

4./ Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтағанда Биыл нешінші жыл? деген тапсырма бекер берілген жоқ. Осы 2015 жыл несімен ерекшеленеді: /5слайд/

- Биыл Қазақ хандығының 550 жыл мерейтойы.

- Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 70 жыл

- Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл

- Қазақстан Конституциясына 20 жыл

- Өте жақсы. Осы мерейтойлар әрқашанда естеріңде жүрсін.

5./  «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздерді таба білу: Орман, ықшамаудан, дәрігер, оқырман, теледидар, ата-ана, гүлзарлар, мектеп бітіруші, аспан, қонақ үй, теңіз, табиғат, пәндер, үйірме, қарағай, шеберхана. /6 слайд/                                                                         6./Сөздік жұмыс: /7слайд/                                                                                                          Ғимарат –здание                                                                                                                         Салынған – построен                                                                                                               Тойладық –праздновали                                                                                                             Мақтан етемін –горжусь                                                                                                             Сөздермен сөз тіркес, я сөйлем құрастыру.

7./Мәтінмен жұмыс «Мектеп» мәтінді түсініп оқып,берілген  тапсырмаларды орындау./ 7 слайд/

                                                             Мектеп

        Дарьинск мектеп гимараты 1938 жылы салынған. 2013 жылы мектептің 75 жылын тойладық.   Мектепте 506 оқушы оқиды. 60 мұғалім жұмыс істейді.                                                                                                                                        Біздің мектеп 3 қабатты. 1 қабатта 10 кабинет , кітапхана, шеберхана және мәжіліс залы бар. 2 қабатта 9 кабинет , спортзал және асхана бар. 3 қабатта да 10 кабинет бар. Мектептің сыныптары кең, жарық және таза. Әрбір кабинетте парталар 3 қатардан  орналасқан. Бір сыныпта 20 оқушы.  Біздің мектепте жыл сайын  «Алтын белгі» иегерлері шығады. Мен өз мектебімді мақтан етемін.

1-      тапсырма:  мәтінді тізбектеп бір сөйлемнен оқимыз.

2-тапсырма: Берілген сан есімдерді тақтаға сөзбен жазу.

6./ Сергіту сәті.

- Балалар біз сабақтың алдында топқа бөліндік. Келесі тапсырмалар  әрбір топқа беріледі..

 Топтық жұмыстар :

1 –тапсырма : Мәтін бойынша неше,қанша сұраулы есімдіктермен сұрақ құрастыру.

2 –тапсырма.Келесі тапсырма мақал – мәтелдердің жалғасын тап.

Оқу - ... /білім бұлағы/ .

Өмір - ... /үлкен мектеп/.

Оқу  - білім азығы,...  /Білім – ырыс қазығы/.

Кітап –... / алтын қазына/ .

Білетінің бір тоғыз,...  /Білмейтінің тоқсан тоғыз/.

Кітап-ғылым – ... /тілсіз мұғалім/.

Оқу – білім бұлағы,... / білім – өмір шырағы/.

Күш – білімде,... / білім – кітапта/.

Жеті жұрттың тілін біл,... / жеті түрлі білім біл/.

Екі жақсы қас болмас,... / екі жаман дос болмас/.

Жігіт бір сырлы, .../сегіз қырлы болсын/.

Тоқсан сөздің .../ тобықтай түйіні бар/.

3-тапсырма  Берілген сөздерді:  І топ - септеу; ІІ топ- тәуелдеу; ІІІ топ - жіктеу

І топ: Бірінші                 ІІ топ: Парта                    ІІІ топ: Оқушы

4-тапсырма    «Менің армандаған мектебім» атты тақырыпқа постер жасау.                          

ІІІ Қорытындылау: 1.Бес жол өлең құрастыру

І топ:1 Мектеп                 ІІ топ: Мұғалім                   ІІІ топ: Сынып

2. Сұрақ – жауап:

- Сан есім деген не?

- Биыл қандай мерекелерді тойлаймыз?

ІҮ Үйге тапсырма: сан есімнің ережесін қайталау.

Ү Рефлексия : Мектеп суретіне жылы лебіздерді ілу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.