Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Дәстүрінің даналығы" 5 сынып
02.03.2015 959 241 Уатхан Лена

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін дарытыу.
Дамытушылық: Салт-дәстүр арқылы, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыт, дәстүрге деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік: Қазақ халқының мейрамдары туралы түсінік ала отырып. Халықтың салт-дәстүрін,салтын-мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:тірек сызбалар,суреттер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларға тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру.
2. Топпен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа бейімдеу.

«Дәстүрінің даналығы» Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз бесінші, алтыншы сынып оқушыларымен бірге «Дәстүрінің даналығы» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты : Оқушыларға қазақ халқының салт –дәстүрін, әдет –ғұрыптарын, мәдениетін бабалардан қалған асыл мұраларды үйрету,оқушыларды өз отанын сүюге, данқын асқақтатуға баулу, отаншылдық, рухта тәрбиелеу.
1) Таныстыру «Ақсүйек» Күш білекте емес – білімде!
«Бәйге» Жүреміз тек алда, көшіміз тек алға!
2) Сұрақ-жауап жауап берген сайын бір текшеден ашылып отырады, сқңында шыққан суретті әңгімелеп беру.
1.Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрлерін ата. Ханталапай
2. Қойшылар ойлап тапқан ұлттық ойын? Тоғызқұмалақ
4. Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады? Жар-жар
5. Баладүниеге келгенде болатын той? Шілдехана
6. Бала алғаш рет қадам басқанда жасалатын рәсім? Тұсаукесер
7. Келін түсіру тойында келінді жаңа туыстарымен таныстыру үшін болатын салт не? Беташар
3) Сөз жұмбақ «Тіл өнері»
4) Шаңырақ көзін толтыру. Ұлттық тағамдар атауын жаз.
«Алтын сандық» ойыны
Тас қақпа
1. Мақал-мәтел сайысы.
2. Өлең сайысы.
Күміс қақпа
1. Сөз тіркесін жасау. Қазақстан, Астана
Алтын қақпа
1.Қазақтың салт дәстүрін көрсетіңдер. «Бәйге» тобы Шілдехана дәстүрін көрсетеді. «Ақсүйек» тобы Бесікке салу дәстүрін көрсетеді.
(5 сынып ән Шілдехана бесік той)
(6 сынып ән Қазақ елі осындай)
Жеңіске жеткен топ сандықты ашады
Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды назарларынызға рахмет!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.