Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: САБАҚ КЕСТЕСІ.
30.09.2014 3339 0

Мақсаты: а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, пән аттарын дұрыс айтуға үйрету. ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту.  б) Еңбекқор,білімдар болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: Сөйлесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдеп, математика.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Түгендеу.

Өткен сөздерді қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру

2.Негізгі кезең

а) Жаңа сөздермен танысу.

Сабақ – урок

Бейнелеу өнері – изобразительное искуство

Дене тәрбиесі – физкультура

Аптасына – в неделю

Бір рет – один раз

ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

3.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Мәтінді оқып, аудару.

2-жаттығу.Сұрақтарға жауап бер.

1) Бүгін қай күн?

2) Бүгін неше сабақ болады?

3) Математика нешінші сабақ?

4) Ертең қай күн?

5) Қазір қай сабақ?

3-жаттығу. Оқы, жаз.

Үлгі: Сәрсенбіде бес сабақ. Аптасына қазақ тілі үш рет болады.

4-жаттығу. Тыңда, қайтала.

3.Бекіту

4-жаттығу арқылы өтілген сабаққа қайталау.

Үлгі: Бұл математика сабағы

 

Сабақта біз не туралы айттық?

Қандай пән аттарынбілесіндер?

Ертеңгі сабақ кестесін кім айтады?  (оқушылардың жауаптары)

4.Бағалау: «5», «4», «3» бағалармен бағалау.

5.Үй тапсырмасын беру.

5-жаттығу.а) Мәнерлеп оқу, өлеңді жаттау.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

                       Қадыр Мырза Әли.

ә) Жаңа өтілген сөздерді жаттау.