Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ.
30.09.2014 6542 0

Мақсаты: а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, оларды сөйлем құрастыруға үйрету.  ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту.  б) Оқу құралдарын күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: Сөйлесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдеп.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Түгендеу.

Өткен сөздерді қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру

2.Негізгі кезең

а) Жаңа сөздермен танысу.

Сатып алды – купил(а)

Сызғыш – линейка

Қорап – пенал

Өшіргіш – стирательная резинка

ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

1-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінбеген сөздерді аудару.

2-жаттығу. Оқу құралдары не үшін керек? Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

Үлгі: Кітапты оқимыз. Дәптерге жазамыз.

3.Бекіту

3-жаттығу. Кім, не сатып алды? Айдос қалам, сызғыш  сатып алды.

4-жаттығу. Тыңда, қайтала.

Дос – доспыз – бәріміз доспыз.

Дүкен – кітап дүкені – кітап дүкеніне бардық.

Сатып алды – кітап сатып алды.

 

Сабақта біз не туралы айттық ?

 Қандай оқу құралдарын білесіндер?  (оқушылардың жауаптары)

4.Бағалау: «5», «4», «3» бағалармен бағалау.

5.Үй тапсырмасын беру.

5-жаттығу.а) Мәнерлеп оқу. Жуан, жіңішке сөздерді екі бағанаға жазу.

ә) Жаңа өтілген сөздерді жаттау.