Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.
29.09.2014 1921 455

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде             атқаратын қызметіне түсінік беру.Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

2.      Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізу.

3.      Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге,    тиянақталыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмалары, сұрақтар, сөйлемдер жазылған парақтар, ребус.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық кезеңі. Келген қонақтармен амандасу.

- Амансың ба, Алтын Күн!

- Амансың ба, Көк Аспан!

- Амансың ба, Жер-Ана!

-Амансың ба, қонақтар,

Сіздерді көріп қуанам.

-          Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.

ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.

-          Күннің шығуы- (таң ату)

-          Мектептегі 45 минут- ( 1 сабақ)

-          Мемлекеттік бас қала- (Астана)

-          Күшіңе сенбе- (Біліміңе сен)

-          Денсаулық- (зор байлық)

ІІІ. Сабақтың ұранын еске түсіру:

Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім,- дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

-          Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді. Біз қазір 3 ауылға бөлінеміз: Абай ауылы, Ыбырай ауылы, Жамбыл ауылы.

1)      Ой қозғау.

-Абай деген кім?

-Абай-ұлы ақын.

-Ыбырай деген кім?

- Ыбырай алғашқы ұстаз.

- Жамбыл деген кім?

- Жамбыл –халық ақыны.

Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар?

(сөйлемдегі екі сөздің арасында сызықша қойылған. Ол екі сөзде бастауыш)

Дұрыс айтасыңдар. Бұдан қандай ереже шығады?

-          Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады.

-          Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз. Ендеше, әр ауылдың үй тапсырмасын қалай орындағанын тексерейік. 4 жаттығу.

-          Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасында неге сызықша қойылған?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.