Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі орта топ. Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»
29.09.2014 1573 0

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Ш.Қалдаяқов ауылы

МКҚМ «Бөбек» МДҰ

Гауһар Әбібұллақызы Түрембет

Қазақ тілі мұғалім

Тәрбиеші: Балалар, Біз бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жиналып отырмыз, мерекеміз құтты болсын! Мерекемізді «Әнұранмен» бастайық.

Әнұран.

1б:Ақ ,қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз, татумыз

Биіктерге өрлейміз.

2б: Сары, ақпыз, қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір қалада тұрамыз

Бір бақшаға барамыз

3б:Сусынымыз қанады

Өнер білім нәрінен

Әлемдегі баланың

Дос болайық бәрімен

4б:Жақсылыққа бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл

Ән « Мамыр келді»

Тәрб: Балалар, біз бүгін мерекемізді көңілді өткізу үшін серуенге көктемгі далаға шығайық.Кім бізге жол көрсетеді екен?

Музыкамен Мамыр-ай келеді:

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін

Шуақ төгіп әлемге

Қуатын күннің әкелем

Табиғаттың төсіне

Тіршілігін әперем.

Тәрбиеші:Амансың ба,Ару Мамыр-ай!Ұлан байтақ еліме қош келдің!Мамыр-ай,біз көктемгі орманға саяхатқа барайық деп едік,сен

бізге жол көрсетесің бе?

Мамыр-ай:Әрине,көрсетемін.

(музыкамен «жыланша»жүріп,содан кейін шеңберге тұрады.)

Тәрбиеші:Міне,орманға да келіп қалдық.Көктемгі орман қандай керемет! Осындай керемет көріністерге арнап тақпақтарымызды

айтайық:

1б: Әрі сұлу, әрі игі

Келші, мамыр шуақты

Он бір ұлы бар үйдің

Жалғыз қызы сияқты

2б:Кәне, мамыр, даламның

Гүлі болып шыға ғой

Сені көрген адамның

Құлпырмауы кінә ғой

3б: көгілдір аспан да

Көк зеңгір тастар да

Құлпырып жайнайды

Мамыр гүлін ашқанда

4б: Балабақша базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Шаттығы бар шуақты

Өз үйіміз сияқты

Ән «Қанша бала»

Тәрб: Балалар, қараңдаршы мен әдемі орамал тауып алдым, онымен ойын ойнайықшы

5 ойын «Орамал алу»

(отыруға бару)

Мамыр-ай:Балалар,қане,жұмбақтар тыңдаңыздар:

1.Тұмсығымен ояды,

Ұя салып қояды.

Табыңдаршы,балалар,

Ол қандай құс болады? (тоқылдақ)

2.Итпен бірге таласып

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе,айта ғой,

Танисың ба – (торғайды)

3.Шарлап келіп даланы

Үйіме ұя салады. (қарлығаш)

4.Өзінің атын төпеп

Шақырады – (көкек)

Тәрбиеші:Ой!Міне,көкектің өзі де ұшып келе жатыр!

Көкек:Мен көкекпін,көкекпін,

Бұтаққа қонамын

Қулана қараймын

Жасыңды санаймын.

Тәрбиеші:Көкек,біздер сен туралы ән білеміз.

Ән: «Көкек»

Тәрбиеші:Балалар,көктемде құстар қайтып ұшып келгеннен соң,олар өздеріне тұратын ұялар іздейді.Біреулері – үй шатырдың астына

ұя салады,басқалары – теректердің басына ұя салады.Балалар,құстардың дауысы естіледі,тағы да құстар ұшып келе жатыр.

(Құстар ұшып келеді,төрге тұрады)

Тәрбиеші:Сіз қандай құссыздар?Өздеріңіз туралы не айтасыз?

1.Мен көңілді бұл-бұлмын

Көктемде ұшып келемін

Жаздай концерт беремін.

2.Мен сауысқан,сауысқан,

Талдан талға ауысқан

Ұшып келдім алыстан.

3б: Шыр,шыр еткен торғайды

Қорғамасаң болмайды

Кіп-кішкентай торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

4б:Қонып алып талға

Қарқылдайды қарға, қар,қар,қар

5б: Ұя жасап тақтайдан

Талға апарып байлаймын

Сол ұяны талдағы

Қараторғай мекендеп

Күні бойы сайрады

Жайлы пәтер екен деп.

6б: Мен қарлығаш, қарлығаш

Қызыл тамақ, түйме бас.

Тәрбиеші:Балалар,қане,көрейікші,құстар қалай ұяларға таласады екен.

Ойын «Ұя алу»

(5 обруч, музыкамен ұшады, музыка біткенде обручқа отырады, кімге жетпесе сол ойыннан шығады, солай бір неше рет ойналады,

бір обручқа кемиді- ойын сайын)

Тәрб: Жарайсыңдар, балалар! Қутықтауымызды әрі қарай жалғастырайық.

1б: Шашымды да тарадым

Айнаға да қарадым

Ерте тұрдым ұйқымнан

Мен бақшаға барамын

2б:Қуыршақты аламын

Қол дорбаға саламын

Беске толам жуырда

Мен ересек боламын

3б: Бала бақшам байлығым

Күліп ойнап қайтамын

Ән саламын би билеп

Тақпақты да айтамын

Мамыр – ай:балалар,менің себетімде орыс халқының ұлттық аспабы балалайка бар.Келіңдер,онымен ойын ойнайық.

(Балалар екеуден екі қолдарынан ұстап тұрады да,ән айтады:

« Гори,гори ясно,

Чтобы не погасло,

Глянь на небо,птички летят,

Колокольчики звенят.»Әнді айтып болғаннан соң арт жақта тұрған жұп,екеуі екі жақтан балаларды айналып шығып, алда тұрған

баладан балалайкасын тез алады.Ойын 5-6 рет қайталанады)

Тәрбиеші:Мамыр-ай,ойының өте қызық екен.Біздің қыздар саған арнап өзбек биін әзірлеп қойды.Қабыл ал.

Өзбек биі (Андижан полькасы)

Тәрб:Мамыр-ай,сенің себетіңде тағы не бар?

Мамыр-ай:Менің себетімде сізге әзірлеп қойған базарлығым бар.

(үлестіреді)

Тәрбиеші:Рахмет.Балалар,ертеңгілігімізді «Әр қашан» әнімен аяқтайық.

Ән «Әр қашан»

Балалар музыкамен шығып кетеді.