Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 2 сынып. Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы.
25.09.2014 8736 0

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: и және йәріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету;олардың дауысты не дауыссыз екенін ажырата білу;

Дамытушылық:сауаттылықтарын арттыру; сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиелік мәні:әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,жаттығу, талдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,математика.

Көрнекілік:суреттер.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

 

Сабақтың жоспары:

Қызығушылығын ояту.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару.

А)Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

45 жаттығу 18 бет.Ереже жаттау.

3.Қызығушылығын ояту.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Ойын шарты: мұғалім сөз айтады да допты лақтырады, қағып алған оқушы сол сөзді буынға бөледі де доптықайтарады.

4.Мағынаны тану.

А)дәптермен жұмыс

Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбыс: И,й

Сол дыбысқа байланысты сөз жасау.

Киім

Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.

47-жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқып ,алдыңғы сабақта танысқан ережені талқылаймыз.

Ереже:

И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса; й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.

Осы ережеге бағынбайтын бірқатар сөздер бар екен.Олар өлең жолындағы сыйымдық,сыйладық сөздері.

48-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Дауысты и-дің астын – бір, дауыссыз й-дің астын екі рет сыз. Иір мүйіз дегенді қалай түсінесің?

Ай, ай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Ә)оқулықпен жұмыс

49-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз. Шешуін тап.

1.Ине бел, қылқа мойын қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. /Айыр/

2.Жүз төрт түйме,

Он бір ине  /Есепшот/

Сергіту сәті.

51-жаттығу. «Тиіндер» тақырыбына әңгіме құра

5. Ой толғаныс.

Шие сөзіндегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіздер.

Берілгені:Шие сөзінде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты ,нешеуі дауыссыз екенін

Бізден сұрайды?

а) Тілдің қатысына қарай екі дауысты дыбыстың екеуі де олар: и, е тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл ілгірі қарай созылып, үсті сәл төмендейді. Сөзде тіл арты немесе жуан дауысты дыбыстар жоқ.

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай екі дауысты дыбыстың біреуі – ол: е жартылай ащық дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады. Біреуі – ол : и қысаң дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.

Сәйкестендіру тесті:

 

1.

ти...н

Т

2.

и...

О

3.

киі... 

 

4.

...йнау

 

5.

Кіт...п

І

6.

...лгіш

Ы

7.

ад...м

М

8.

Ти...н

А

 

Қорытындылау

Үйге тапсырма: 50-жаттығу,20 бет. Ереже жаттау.