Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.
25.09.2014 2619 0

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы негізгі оқиға желісін меңгерту, поэманы С. Сейфулинның «Көкшетау» поэмасындағы Адақ бейнесімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашу.

2.      Дамытушынң шығарманы оқи отырып, ойлау қабілетін дамытуға, шығарма кейіпкерлерінің іс – әрекетіне сыни көзқараспен қарап, өздігінен тың пікірлер айтып, трагедия жөнде суреттеу.

3.      Тәрбиелік шығарманы талдай отырып, оқушыларды әділдікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: Шығармадағы үзінділерді мәнерлеп оқи отырып, өз ойын айту.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаевтың кітаптары, суреті, плакат.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

                     1. Оқушыларды түгелдеу.

                     2. Сынып қадағалау.

                     3. Оқушылардың сабаққа белсенділігін байқау

                     ll. Үй тапсырмасын тексеру.

                     1. С. Сейфулинның өмірі а) «Көкшетау поэмасы».

                     2. Конспектілерді тексеру.

                     lll. Жаңа сабақ.

1. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Батыр Баян» поэмасы.

       М. Жұмабаев  1893  жылы  қазіргі  Солтүстік   Қазақстан  облысы, Булаев ауданы, «Молодежный»  совхозында  дүниеге  келген. Мағжан  бес  жасында сауат  ашып, ана  тілінің  кәусарына  қанып  өседі. 12  жасында  Қызылордадағы медресеге  оқуға  түсіп, араб тілдерін үйренеді. 1910 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесіне  оқуға  келіп, татар  жазушысы  Ғалымжан  Ибрагимов, болашақ  қазақ  ақыны  Б. Майлинмен  кездеседі. 1912  жылы  ақынның  Қазан  қаласында «Шолпан»  атты  тұңғыш  жинағы басылып  шығады. 1916 жылы  «Алаш» партиясын  қуруға  қатысады. 1923 – 27 жылдары  Мәскеудегі әдебиет – көркемдер  институтына  түседі. 1929  жылы  «Алқа»  атты  жаксырын  ұйым  құрды  деген айыпталумен 10 жылғы  сотталды. 1938 жылы  репресияға  ұшырап , ату  жазасына  кесілді. М. Жұмабаев  қазақ  әдебиетіне, поэзия, проза  жанрына барынша  үлес  қосқан. Біз  оны  көбіне  лирик  ақын  ретінде  танимыз. Ол махаббат, табиғат, көңіл  күй  лирикасында  бірнеше  рет  қалам  шерткен. Көлемді  поэмалар  жазуда  да  аса  өнімді  еңбек  еткен. Оның  «Ертегі»,  «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Батыр Баян» т.б  поэмалары  бар. Осының  ішінде  ең  күрделісі -  «Батыр Баян»  поэмасы. Мұндағы  оқиға  бір  кездегі  қазақ пен  қалмақ  арасындағы  жаугершілік  заман. Бұл  хикаяға  Абылай  ханның  кезіндегі  екі  ел арасындағы  бейбітшілік, достық  қарыма - қатынас  орнағанға  дейінгі  оқиға  өзек болған. Батыр  Баян  ашу  үстінде  бауыры  Ноян  мен  қалмақ  қызын  өлтіреді. Жазығы - олардың  көңіл  қосып , елден  қашуы.

Сабақты  бекіту.  Поэма  бойынша  қойылған  сұрақтарға  мүмкіндігінше  жауап  беріп,  шығарманы  ұқсас  шығармалармен  салыстыру  ( қима  қағазбен  жұмыс).

Қорыту . Шығармадағы  оқиға  желісін  сипаттау.

Үйге тапсырма беру : « Батыр Баян»  поэмасын  оқып,  « Баян»  бейнесін  ашып келу.