Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 5 сынып. Тақырыбы: Қазақстан қалалары
24.09.2014 2677 0

Сабақ: № 3

Мақсаты: 1.Білімділік: Қазақстан қалалары туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді  мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.          

      2.Дамытушылық:   Өздерінің қиялдағы ойларын жеткізе және дәлелдей білу, сыни тұрғыдан ойлау білу дағдыларын, бір-

                                          бірімен келіссөзге келуге деген ынталарын арттыру. Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

      3. Тәрбиелік:          Тіл өнеріне, сауаттылыққа тәрбиелеу. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды   азаматтар тәрбиелеу.

Түйінді идеялары:  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың топпен жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен жұмыс істей білу, іздене білу дағдылары артады. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың бірлескен жұмысы қосымша мүмкіндіктер туғызады (жоғары деңгейлі оқушылар төмен деңгейлі оқушыларды үйрету арқылы, төмен деңгейлі оқушылар жоғары деңгейлі оқушыдан үйрену арқылы дамиды). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, оқыту мен оқуда АКТ қолдану, оқыту үшін бағалауды пайдалану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оятады, ынтасын арттырады. Өзін-өзі реттеу талантты оқушыларға жол ашады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «СИНКВЕЙН» әдісі, «Білемін, білгім келеді,  білдім» әдісі, өзіндік жұмыс, АКТ пайдалану.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспа, флипчарт, стикерлер, А-4 парақтары, тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,ән-күй                                                      

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Кезеңдері

Жоспар

7 модульді іске асыру

Қосымша

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Ауызекі сөйлесу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Бүгін сабағымызды сендердің сыныпқа деген көзқарастарыңнан бастаймыз, ол үшін өз пікірлеріңді стикерлерге жазып, сол стикерлерден поезд вагондарын құраңдар. 

(жазып болған соң, әр оқушы жақындап сынып туралы пікірлерді оқи алады)

- Бүгінгі күн бойынша ақпаратты кім айтады?  (3 минут)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

 

 

Өзін-өзі реттеу

 

Үй жұмысын тексеру

- Үйде сендер А-4 парағына сөзжұмбақ шешіп келдіңдер, кім тақтаға шығып шешімін оқып береді? Егер қате болмаса оқушылар қолпаштайды, қате болса тыныш отырады, оқушының өзіне қатені табуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, қолпаштау арқылы оқушының неше рет қателескені анық болады және оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туады.

(барлық оқушылар А-4 парағына шешілген сөзжұмбақты тапсырады) (5- минут)

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(Формативті бағалау)

 

Жаңа сабақ

- Балалар, бүгін сендер топпен жұмыс істейсіңдер, әр топ 3 адамнан құралады.

Ол үшін сендерге түрлі жануарлардың аттары жазылған парақтар таратылады, сендер өз топтарыңды табуларың үшін сол жануарлардың дауыстарын салуларың керек. (1 минут)

 

- Қазір мен үнтаспадан өлең қосамын, мұқият тыңдап, сол өлеңнің мағынасын түсінуге тырысыңдар. Өлең мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бірдей. (өлеңмен қоса интерактивті тақтада Қазақстан қалалалары туралы слайд көрсетіледі).

- Ал, қанеки, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

- Дұрыс, Қазақстан қалалары туралы. (3-4 минут)

- Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты не білесіңдер, не білігілерің келеді? Тақтадағы «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесіндегі 1-2-ші ұяшықтарды толтырыңдар.

(1-2 минут)

1-тапсырма

- Флипчартқа «Қазақстандағы жаңа қаланы қалай елестетесіңдер» тақырыбына сурет салып, пікірлеріңді жазып, тақтада қорғауларың қажет. (5 минут/ 1 минуттан әр топқа)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

 

 

Оқыту мен оқуда АКТ қолдану. (үнтаспаны, Power Point презентациясын  пайдалану)

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

 

Бірлескен оқу

 

Бекіту кезеңі

2-тапсырма

«Синквейн» немесе «Бес жолды өлең» әдісі.

-Балалар, әр топ қазір «қала» сөзіне қатысты

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

1 синоним

табуларың қажет.

(Түбірлес сөздер болмауы тиіс)     (5 минут/ 1 минуттан әр топқа)

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Қорыту кезеңі

«Менің сүйікті қалам» тақырыбына шағын эссе жазу (5-6 сөйлем)

 

(10 минут)

 

- Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты не білдіңдер? Ендеше, тақтадағы «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесіндегі 3-ші ұяшықты толтырайық. (1 минут)

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Дара оқу.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

 

Үй жұмысын беру

«Қазақстан қалалары » тақырыбына реферат дайындау. (әр оқушы өз деңгейіне сай шығарма жазады, талантты оқушылар ізденіп, бір қаламен шектелмей бірнеше қалалар туралы жазуларына болады).   (1-минут)

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

Бағалау кезеңі

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуына, өзіндік жұмысты орындауына сәйкес тиісті бағаларын қойып, түсініктемелер беру.  (3 минут)

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.