Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан су қоймалары.
22.09.2014 3307 0

Мұғалім: Уалиева Жадыра Сайлаубекқызы

Сынып: 4

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :  оқушылардың модуль бойынша монолог, диалог арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру, бір-бірімен қатынасуға үйрету, тәуелдік  жалғауларын дұрыс қолдануға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой белсенділігін, сөздік қорын, сөйлеу әрекеттерін дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты аялай білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ –жауап, аударма, түсіндіру, тыңдап түсіну, ойландыру, жаттығу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ.

Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, дүниетану.

                                         Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушылармен амандасу.

                                          2. Кезекшімен сөйлесіп, сыныпты түгендеу.

                                          3. Сабаққа дайындау (оқу құралдарының түгелдігін тексеру).

II.Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

-  Қазір қандай жыл мезгілі?

-  Көктем айларын ата.

-  Қазір қандай ай?

-  Бүгін қай ай?

-  Бүгін аптаның қай күні?

-  Қазір қандай сабақ?

-  Бүгін қазақ тілі нешінші сабақ?

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

IV. Негізгі кезең.

1.Кіріспе әңгіме.

Біз бүгін сендермен Қазақстан суқоймалары модулін аяқтадық.Қазақстан суқоймалары туралы білдік. Ал, енді сұрақтарға жауап берейік.

1.Қазақстанда нелер көп?

2.Халық су туралы не дейді?

3.Қай теңіздің суы азайды?

4.Есіл өзені Астананың қай жағында?

5.Есіл бойында қандай қалалар бар?

6.Қазақстанда қандай көлдер бар?

7.Қай көлдің орны бөлек?

8.Оны неге    «Жасыл көл» деп атайды?

  2. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. 

1. Оқушыларға сөздерді тізбектетіп оқыту.Дұрыс айтылуын тексеру.

2. Сөздерден сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.

Сөздер: «Судың  да сұрауы бар»-«И на воду есть спрос»

Кеуіп-высохнув

Тіршілік көзі-источник жизни

Оңтүстік –шығыс-юго-восток

Құяды-впадает

Кең алқапқа жайылады-разливается по всей долине

Тәулік-сутки

Құлпырады-меняется

3. Слайд-шоу. Сурет бойынша әңгімелеу.

1.Су-тіршілік көзі.

2.Есіл өзені.

3.Алматы көлі.

4. Сергіту сәті.  

5. Дәптермен жұмыс. Жазылым.

Қандай грамматикалық ережелерді білдік?

Тәуелдік жалғауы туралы білімдерін тексеру.

Су, өзен  сөздеріне тәуелдік жалғауын жалғап ,тәуелдеп жаз.

6. Дұрыс па,бұрыс па?

- Қазақстанда өзен, көл, теңіздер аз.

+ «Судың да сұрауы бар» дейді халық.

-Есіл бойында Астана , Қызылжар қалалары жоқ.

+ Алматы көлінің орны бөлек.

V. Сабақты бекіту кезеңі. Сөйлесім.Сөзжұмбақ шешу.

             1.Балық                                1.Рыба

             2.аққу                                   2.Лебедь

        3.Көл                                         3.Озеро

        4.Бақа                                        4.Лягушка

     5.Жағалау                                    5.Берег

     6.Ағаш                                         6. Дерево

VI.Рефлексия.

-  Не істедік?

-Не ұнады?

- Нені білдік?

 

VII.Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру. Сөзжұмбақ құрастырып келу.