Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы:Астана қаласы
20.09.2014 5225 1011

Мұғалім: Мукашова М.Қ.

Сынып: 6

Мақсаты:

Білімділік: Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың Астана қаласына деген қызығушылығын

арттыра отырып, ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдерін туғыза отырып,

Отанын сүюге  баулу.

Көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері, сызбалар, карта, хронологиялық кесте, интерактивті тақта /слайд-шоу/

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Пәнаралық байланыс: музыка, информатика, тарих, география, сурет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

-Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Бүгін нешесе?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай сабақ?

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын ата?

-Қыс мерекелерін ата?( Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл)

-Бүгін ауа-райы  қандай?

-Бүгін ауа-райы жақсы, себебі  күн жылы.

Ә) Шаттық шеңбері:  - Орнымыздан тұрамыз, шаттық шеңберін құрамыз.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Сауал-бізден, жауап-сізден»

-Сыйлықтар қандай болады? (Сыйлықтар әртүрлі болады: гүл, кітап,ойыншық т.б)

-Досыңа туған күніне  қандай сыйлық сыйлайсың?(Мен досыма ...... сыйлаймын)

-Туған күн иесіне не сыйлайды?(Туған күн иесіне сыйлық сыйлайды)

-Сенің туған күнің қашан?(Менің туған күнім .........)

-Биыл туған күніңді қайда өткіздің?(Мен туған күнімді дәмханада өткіздім)

-Сенің туған күніңе кімдер келді?( Менің туған күніме туыстарым, достарым келді)

-Қонақтар жақсы тілектер арқылы адамға не сыйлайды?(Жақсы көңіл-күй сыйлайды)

ІІІ.Жаңа тақырып (Қызығушылықты ояту)

1.Сабақтың мақсатымен таныстыру

«Бәйтерек», «Ханшатыр» қиылған қимадан, оқушылар өз топтарын табады

-Сонымен балалар өз топтарынды таптындар. Яғни осы «Бәйтерек», «Ханшатыр»  қайда орналасқан екен?

-Дұрыс айтасыңдар, Астанада. Олай болса, бүгінгі  сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін  еліміздің бас қаласы, астанасы, жастардың, болашақтың қаласы  «Астана қаласы» туралы болмақ.

-Астана туралы не білеміз?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.