Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы Үстеу туралы түсінік.
20.09.2014 2446 718

Сабақтың тақырыбы

Үстеу  туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты

1. Білімділік: Үстеудің сөз табы ретінде ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту.

 

2. Дамытушылық: Оқушылардың  білімділіктерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту.

 

3. Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа баулу.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтың түрі

Іздендіру сабағы.

Қолданылатын әдістер

 Сұрақ-жауап, тест, талдау,түсіндіру, салыстыру,қорытындылау.

Қолданылатын көрнекіліктер

Интерактивті тақта, оқулық, тест, КЖТ кестесі, кеспе қағаз.

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Біліміңді байқап көр»

Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.

(Тест таратылып беріледі)

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЖТ (конструкты жобалау технологиясы)

1.Жаңа сабаққа кіріспе.  

 Малшылар қыстауға көшті.(қайда?)

 Кеше күн суық болды.(қашан?)

 Ол тез келді.(қалай?)

Әр сөйлемге етістікті табу арқылы,асты сызылған сөздерге сұрақ кояйық.

Бұл  асты сызылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?

-Қалай? Қайда? Қашан? (оқушы жауап береді)

-Балалар, сендер бастауышта қайда?, қашан? қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сөздермен танысқансыңдар. Яғни, сөйлемде қимылдың, іс- әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін,себебін, мақсаттын білдіретін сөздерді үстеу дейміз. Сонымен балалар бүгін үстеу тақырыбы туралы толығымен танысамыз. Енді балалар үстеу туралы толығырақ білгіміз келсе, КЖТ кестеге назар аударайық. Кестедегі бағыттар бойынша сұрақтар қойып, үстеудің мағыналық түрлерін анықтайық. Іске, сәт! Ал бастайық. (Тақтада)

                         КЕСТЕ

-Сонымен қорытып жіберейік.

-Үстеудің мағыналық түрі қандай екен? Қане, оқып жіберші?

Мезгіл, мекен,     сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, себеп- салдар

- Үстеудің мағыналық түрінің саны нешеу екен?(7)

-Яғни үстеудің  мағыналық түрі 7 екен. Балалар қазақта 7 саны киелі сан.  Мысалы: 7 күн, 7жұт, 7 ата тағы сол сияқты.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.