Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 1 сынып. Тақырыбы: Ойыншық. Неше? Нешінші?
19.09.2014 8645 0

Мұғалім: Қажыбаева Асем Бекенқызы

Өскемен қаласы,

«№10 мектеп-гимназиясы»КММ

Сынып: 1 «А»

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды   жаңа  тақырыппен таныстыру,білімдерін толықтыру.Жаңа  лексикалық  тақырыпты  неше? нешінші?  сұрағымен  байланыстыра отырып сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге машықтандыру, жаңа  тақырыпқа қатысты сөздік қорларын  кеңейту.

2. Дамытушылық: Сөйлеу және ойлау қабілеттеріне байланысты  тапсырмалар арқылы оқушылардың  сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін,  белсенділіктерін,  ой - өрісін дамыту,  жекелей  жұмыстарды    орындау мақсатында  іскерлікке машықтандыру;

3.Тәрбиелік: «Ойын технология  арқылы оқушылардың  ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» шапшандыққа,алғырлыққа, ұжымдылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,  кеспе,тән дыбыстардың суреттері, оқулық, аудио диск, натуралды жұмсақ ойыншықтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  жекелей жұмыс,  интерактивті тақтада жаттығу жұмысын орындау,сұрақ-жауап, жұптық оқыту әдісі, диалогтік әдіс түсіндіру,бағалау,қорытындылау.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, математика, ән-күй сабағы.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Оқытудың формалары: жұптық,  ұжымдық, индивидуалды форма.

Сабақтың технологиясы:Ойын технологиясы, дамыта оқыту,проблемалық оқыту,ұжымдық оқыту әдісі,АКТ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Қонақтармен амандастыру.

1.Психологиялық дайындық          

2.Ауызекі сөйлесу

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін.

-Сыныпта кім жоқ?

- Сыныпта оқушылар түгел.

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қазір көктем жыл мезгілі.

-Көктем айларын қандай?

-Наурыз, сәуір, мамыр

-Қазір қай ай?

-Қазір мамыр айы.

-Мамырдың бүгін нешесі?

-Мамырдың бүгін он үші.

-Аптаның қай күні?

-Апта күні сәрсенбі.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге тапсырма тән дыбыстарды қайталау.

Жақсы отыра ғой.

 

Балалар бүгінгі сабағымыздың айдары.

«Бір сөз болса да, дауыстап айт,

Ең бастысы- үнсіз қалма.»  яғни біз бүгін сабақта тән дыбыстарын дұрыс айта білуіміз және дұрыс жаза білуіміз керек.

 

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ал енді үй тапсырмасының білімді тексеру кезеңіне тоқталайық.

Білімді тексеру кезеңі: «Нақ сұрақ-дәл жауап»

1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

2.Қазақ тілінде неше  тән дыбыстары  бар?

Жақсы, балалар, сендер  нақты сұраққа ,дәл жауап бере алдыңдар.

Келесі

 Кезеніміз: «Тапқыр болсаң ,тауып қөр»

Бұл кезең ойын түрінде өтеді.Сендер тән дыбыстарды атайсыңдар және суретке қарап  төртінші артықты   табасыңдар.Бұл ойында тән дыбыстар туралы  білімдеріңді көрсетіңдер.

Ә ә- дауысты, жіңішке                 І і – дауысты, жіңішке       Ғ ғ- дауыссыз, ұяң

Әтеш  алма(артық)                    піл    кітап                             сызғыш   ағаш

Әже   дәптер                              кірпі   мысық (артық)           тоғыз     гүл(артық)

Осы тәртіппен тоғыз тән дыбысымен жұмыс жүргізіледі.

Өте жақсы балалар,біз тек тән дыбыстарды емес сонымен қатар көптеген сөздерді есімізге түсіріп атап шықтық.

Келесі жүргізілетін жұмысымыз, ол дауысты тән дыбыстарға байланысты  фонетиқалық жаттығу: Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар созылып айтылады,және оларды әндетіп айтуға болады.Ендеше берілган дауысты дыбыстарды әрқашан күн сөнбесін өленнің әніне салып әндетейік.

Ә-ә-ә-ә-ә-ә-ә                І- і-і-і-і-і-і

Ү-ү-ү-ү-ү-ү-ү              Ө-ө-ө-ө-ө-ө-ө                    

Балалар сендер қандай жақсы ән айтасыздар, біз кішкене болса да демалып алдық.

  Үй тапсырмасының соңғы кезеңі ол

 «Жүйрік болсаң,шауып қөр» деп аталады.

Қазір кеспе  таратамын , екі нұсқа болады тапсырмасы: көп нүкткнің орнына тиісті тән дыбыстарын қойып жаз. Бұл кеспенің тапсырмаларын жұптық жұмыс арқылы тексереміз, тақтада дұрыс үлгісі ілініп тұрады,сендер бір –біріңнің кеспелеріңді үлгіге қарап тексеріп, бағасын қоясыңдар.

Үй тапсырмасынына сендер өте жақсы дайындалып келіпсіңдер,кәнеки сендердің бағаларыңды қойып жиберейін

ІІІ. Жаңа сабақ . Ойыншық. Неше?Нешінші?

1.Мұғалімнің  сөзі:  «Ойлы болсаң- озып көр»  демекші  интерактивті тақтаға назар аударыңдаршы суретте не көріп тұрсыңдар?

Сандар

дұрыс  яғни біздің жаңа тақырыбымыз   математика сабағымен байланысты екен

Олай болса есімізге түсіріп 1ден 10дейін  санап шығайықшы.

Енді осы сандармен  жаттығу жасап жиберейікші, бәріміз орнымыздан тұрайық 1ден 10ға дейін санайық,енді кері қарай санайық .өте жақсы енді орнымызға отырайық 1,2,3 сынып іші тыптыныш. Балалар енді менің мынадай сұрағыма жауап беріңдерші.

Осы сандар қандай сұраққа жауап береді,кәне  кім айтады?

Бұл сандар неше?  деген сұраққа жауап береді.

Иә өте дұрыс жауп бердің. Ендеше балалар біз неше? деген сұраққа жауап бере аламыз екен.

Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балалар Ойыншық. Неше?  Нешінші? деген сұрақ болады.

Мақсатымыз: Ойыншықтармен танысу, оларды   неше? нешінші? сұрағымен байланыстыру.

Алдымен  сөздікпен танысайық.

2.Сөздікпен жұмыс:

Мұғалім мәнерлеп оқиды

Оқушылар дауыстап қайталайды

Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру

 

Сөз тіркес жақсы құрастырдыңдар, енді осы тақырыпқа байланысты оқулытағы 84беттегі,1-тпсырманы орындайық. Бәріміз бірге оқулықты ашамыз 1-тапсырма. Оқы, Тыңда, сұраққа жауап бер. Аудио жазбаны мұқият тыңдайық.

Таңат -     бірінші,

Әлібек -    екінші,                         

Дариға -    үшінші.        

Сонымен сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, және өздеріңді тексердіңдер.

 

Балалар сендерге беретін келесі тапсырмам мынадай.

Мына партаның үстінде  нелер тұр?

Ойыншықтар тұр.

Иә,дұрыс партаның үстінде бір  қатарда  ойыншықтар тұр.

Ал, енді осы ойыншықтарды атап жіберейікші.Бұл не? Бұл аю,күшік, қоян,бұзау, жолбарыс,мысық.Жақсы атауларын есімізге түсірдік.

Келесі сендерге қоятын сұрағым мынадай.

Күшік қатарда нешінші тұр?Үлгігі қарап толық жауап берейік иә, Күшік қатарда екінші тұр. кәнеки балалар дұрыс па? бұрыс па? сендер айта отырыңдар.

Сендер қатардағы ойыншықтар нешінші тұр? деген сұраққа дұрыс жауап бердіңдер

 

Ал енді осы сыныбымыздың ішінде сендерден тұғылып жатқан тағы бір неше ойыншықтарымыз бар, соларды табып сұраққа жауап берейікші  балалар.

Мираслав ойыншық сенде ме?   менде жоқ.

Ангелина  ойыншық сенде ме?   менде жоқ.

Максим ойыншық сенде ме?   иә менде.

Максимде қандай ойыншық?  Максимде мәшине.

Максимнің мәшинесі нешінші жолда жүріп келеді?  бірінші жолда жүріп келеді.

Ритада қандай ойынщық?  Ритада қуыршақ.

Ританың қуыршағы өзімен бірге нешінші партада отыр?  екінші партада отыр.

Димада қандай ойыншық? Димада асықтар.

Диманың қызыл түсті асығы нешінші тұр?  Диманың қызыл түсті асығы үшінші тұр.

 

Сергіту сәті «Қызыл өрік»

 Жақсы шаршағанымызды бастық,ендеше аяғымызды дұрыс қойып, қолымызды партаның үстіне қойып, сабағымыздың келесі кезеңіне көшейік.

 

IV. Бекіту, бағалау

 

Жаңа тақырыбымызға байланысты  жақсы жұмыс істедіңдер, білімдеріңді жан –жақты көрсете білдіңдер.

Балалар сендер бірінші сынып болғандықтан, балалық сәттерің мәнді де, сәңді болу үшін сендермен  бақытты сәт ойынын ойнатайын деп тұрмын, қазыр бірнеше сұрақ болады,сұраққа дұрыс жауап берген оқушы ойыншықтардың суретін  ұтады.

 1) Ойыншық сөзі қалай аударылады.   (Қоян)бұл сөзде қандай тән дыбыс бар Қ

2)  Нешінші? сұрағы қалай аударылады?

3) Сен нешінші мектепте оқисың?

4) Сен нешінші сыныпта оқисың?

5) Сенде неше ойыншық бар?

6) «Жолбарыс» сөзі қалай аударылады?

 

 

V.Қорытындылау, бағалау.

 

 -Нені білдік?

-Нені үйрендік ?

- Не істедік?  

 

 Күнделітеріңді ашып үйге тапсырма жазып алыңдар, ертең бесінші сабақ қазақ тілі.

 

VI. Үйге тапсырма   І деңгей: Ойыншықтардың суретін салып, оны сипаттап беру.

                                     ІІ деңгей: Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

                                     ІІІ деңгей: Жаңа сөздерді жаттау.

 

Сонымен балалар, бүгінгі сабақта белсенді жұмыс істеген балалар мынадай бағамен бағаланады.