Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қымыз
17.09.2014 2842 540

I. Сабақтың тақырыбы:   Қымыз

II. Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Қымыз  туралы өз ойларын көркем тілмен жеткізе отырып, сөйлеу мәнерін жетілдіру;

2. Дамытушылық: әр оқушының ой-қиялына ерік беріп, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру; 

3. Тәрбиелік: оқушының бойына қазақ хақының сүйікті сусыны қымыздың емдік қасиеті мол екенін ұғындыра отырып, бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.

 

III. Сабақтың түрі: аралас сабақ

IV. Сабақтың әдісі: Дәстүрлі проблемалық әдіс. Дидактикалық ойын әдісі.

V. Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, суреттер,  сабақ ережесі, сызба,  слайдтар көрсету.

VI. Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Әнұран орындау.

б) Кезекшімен сұхбат

в) Оқу-құралдарын тексеру.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың дайындаған бір ұлттық тағамы туралы әңгімелерін тыңдау.

 

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету. Слайдта:  құлынды бие, бие сауу,  қымыз дайындайтын күбі, дайын қымыз.

 

                    Құлынды бие                                    Бие сауу

                       

    Қымыз дайындайтын күбі                          Дайын қымыз

                            

 Көрген слайдтары бойынша өздеріне бүгінгі тақырыпты тапқызу.

Сабақтың мақсатын айту.

Сабақтың ережесімен таныстыру: 1. Бірін – бірі тыңдау

                                                                         2. Ойын ашық айту

                                                                         3. Сабаққа түгел қатысу

                                                                         4. Ұйымшыл болу

                                                                         5. Уақытқа бағыну

 

Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жаздыру.

Оқушыларға қымыз туралы слайд көрсете отырып, түсіндіру. 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.