Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 6 сынып. Деңгейлік тапсырма
11.09.2014 10879 1149

 

Сөзжасам

І  деңгей                                         І  нұсқа

 

1.      Туынды түбір деген не?

 

2.      Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып жаз.

Аспан көк, жомарт,  астан- кестен, жүз екі, тасбақа.

 

3.      Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Тоғызқұмалақ , қолма- қол, см, қырық тоғыз.

 

4.      Дара мен күрделі сөздерді салыстыр.

 

 

ІІ  деңгей

 

1.      Берілген қос сөздерді пайдаланып, сөз тіркесін жаса.

Дабыр- дүбір, көші- қон, азды- көпті, оқу- тәрбие.

 

2.      Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесі мен сөйлем құра.

Колхоз, км, ҚарМУ.

 

3.      Қос сөздерді кіріктіріп, мәтін құра.

 

 

ІІІ  деңгей

 

«Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбына шығарма жаз.

 

 

Сөзжасам

 

І  деңгей                                         ІІ  нұсқа

 

1.Түбірлес сөздер деген не?

 

2.Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып жаз.

       Бүгін, үлкен-кіші, ата-ана, дәреже, жол сілтеуші.

 

3. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Құнанбай, тату-тәтті, кг, елу екі.

 

4   Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?

 

 

                                                         ІІ деңгей

 

1. Берілген қос сөздерді пайдаланып, сөз тіркесін жаса.

  Оқ- дәрі, бес- алты, талап-тілек, ат- арба.

 

2.Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесі мен                          сөйлем құра.

Совхоз,  л, ГАЗ-69.

 

3.Қос сөздерді кіріктіріп, мәтін құра.

 

 

ІІІ  деңгей

 

«Көне көз қариялар» тақырыбына шығарма жаз.

 

 

 

Морфология

Сөздің түрлері.  Сөз таптары. Зат есім

 

І  деңгей                                         І  нұсқа

 

1.      Мына сөздерден зат есім жаса.

Ұш, біл, өшір, адал, жаңа.

 

2.      Жалпы мен жалқы зат есімдерді салыстыр.

3.      Берілген  сөздерден дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек топтап жаз.

Болатбек, қой, өнер, жолдыаяқ, жолдас- жора, Асқар, көл, алтыбақан.

 

4.      Анықтама:  Зат есім дегеніміз не?

 

Қандай сұрақтарға жауап береді?

 

ІІ  деңгей

 

1.      Төмендегі туынды зат есімдерді қатыстырып,  сөйлем құра.

Көрме , боран, көрші.

 

2.      Абайдың бір өлеңінен үзінді келтіріп, зат есімдердің астын сыз.

 

3.      Мақалдардан зат есімді  тап, олардың негізгі, туынды зат есім екенін анықта.

а) Адалдық- ардың ісі.

ә) Жамандық жақын, жақсылық алыс.

 

ІІІ  деңгей

«Менің күшігім» тақырыбына зат есімдерді   қатыстырып,  әңгіме      жаз.

 

 

 

Морфология

  Сөздің түрлері.  Сөз таптары. Зат есім

 

І  деңгей                                        ІІ  нұсқа

 

1.      Мына сөздерден зат есім жаса.

Біл, аялда,бұр, күре, жақсы.

 

2.      Деректі  мен дерексіз  зат есімдерді салыстыр.

 

3.      Берілген  сөздерден дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек топтап жаз.

Алтынай, мінез, Жасұлан, ел, күз, Атбасар, шөп,     кемпірқосақ,.

 

4.      Анықтама: Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

    

ІІ  деңгей

 

1.      Төмендегі туынды зат есімдерді қатыстырып  сөйлем құра.

Сезім, мақтаныш, айтыс.

 

2.      Абайдың бір өлеңінен үзінді келтіріп, зат есімдердің астын сыз.

 
3.      Мақалдардан зат есімді  тап, олардың негізгі, туынды зат есім            екенін анықта.

а) Жақсылық ағаш басында,

Жамандық аяқ астында.

ә) Білім қымбат, білу қиын.

ІІІ  деңгей

«Менің досым» тақырыбына зат есімдерді  қатыстырып, әңгіме жаз.

 

 

Сын есім

 

І  деңгей                                        І  нұсқа

1.      Берілген сөздерге тиісті қосымша жалғап, сын есім жаса.

Дала, аш, ұйқы, ас.

Қосымшалар: -шең, -и, -палы, -ық, -шыл, -гі, -гіш, -еген, -лы

 

2.      Мақалдың жалғасын тауып, сын есімдерді талда.

 

а) Отансыз адам- ........................................................................

ә) Еріншек түске дейін ұйықтайды, .........................................

    

3.      Сапалық, қатыстық сын есімдерді топтастырып жаз.

Қызыл, аласа, ойшыл, тәтті, зілдей, қара күрең.

 

4.      Мына сөздердің синонимдерін жаз.

Ұсақ, уақ, мықты. зұлымдық, аласа.

 

ІІ  деңгей

 

1.      Сапалық пен қатыстық сын есімдерді салыстыр.

 

2.      Берілген сөйлемнен сын есімдерді тауып, мағынасын анықта.

Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

 

ІІІ деңгей   

 

«Өзіңе сен » тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып,                      шағын мәтін құра.

 

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.