Главное меню

  • К списку уроков
Кесте құру, пішіндеу, редакциялау.
12.01.2016 622 111 Нұржанова Жанаргүл

Информатика пәніне  арналған қысқа мерзімді  жоспары

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Кесте. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сілтеме:

Оқулық «Информатика» оқулық, оқу әдістемелік құрал, Авторы: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева, 8 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері Алматы 2009; Информатикадан дидактикалық материалдар практикум. Алматы «Мектеп» 2012, авторы: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева, Н.Н.Завертунова, 8 сыныпқа арналған электронды оқулық. Орта мерзімді жоспар, Видео, (слайд), тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері, жұмыс дәптері, электронды оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚР жббмпбакб(www.cpm.kz)

Мақсаты:

Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып ой тастау арқылы және де ой қозғау арқылы тақырыпты табу, жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету; Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді, соның ішінде ассоциация, диалог әдісін,  қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін білімдерін одан әрі дамытуды байқау арқылы дарындылықты байқау, оқушы тақырыптың негізгі түйінін зерделеуі, оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және  жиынтық бағамен бағалау

Оқыту  нәтижелері:

Қажеттілікті жүзеге асырады

Түсініп үйренеді

Өзара пікірлесе алу

Ортақ бір пікірге келу

Пікір айту

Шыдамдылықпен тыңдау

Пікірін қорғай алады

Қосымша деректермен жұмыстанып, өз білімін бағалауға үйренеді.

Сыныптастарын тыңдауға, бағалауға үйретіледі.

Түйінді идеялар:

Жаңа тәсілдерді қолдана отырып АКТ ны қолдану дағдысын қалыптастыру, оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту.

Теориялық білімді практикамен ұштастыра алуы, оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту.

Іс –әрекеттер:

1 - тапсырма .

«Ребус» шешу

 

2 - тапсырма .

Сыныпты топтастыру

Топтастыру әдісі: Сыныпты Кесте  бөліктері атаулары  арқылы бөлу;

Топтық ережені таныстыру;

Топтық рөлдерді анықтау

(1 – Баған, 2 - Жол, 3 -Ұяшық)

3-тапсырма.

Үйден оқып келген тақырып бойынша әр топ  бір – біріне сұрақтар қою, жауап алу

І-топ: Кесте дегеіміз не?

ІІ-топ. MS Word- та кесте құру әдістері?

ІІІ-топ. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?

IV-топ. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?

5 - тапсырма жұмыс.

Топтар бірін – бірі бағалау

 

 

 

 

 

 

4- тапсырма

Бүгінгі тақырып бойынша постер салып, қорғау.

6 - тапсырма.

Топтар бірін – бірі бағалау

7 - тапсырма.

 Сергіту сәті «Тірек сөздер»

8 - тапсырма.

Практикалық жұмыс

9 - тапсырма

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл – Ассоциация әдіс – тәсілі (Гүл) құрастыру

Кейінгі  тапсырмалар:

Қорытынды.

Бағалау бетшесін толтыру. Өзін - өзі бағалау-формативті бағалау-мұғалімнің жиынтық бағалауы.

Үйге тапсырма:

Тақырыпты оқып келу, түсіну, тақырып бойынша постер дайындау

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.