Главное меню

  • К списку уроков
Информатика "Білім берудің ақпараттық ресурстары" 10 сынып
06.12.2015 993 126 Шыныбаева Гулден Имамадиновна

Мерзімі: 18.09.2015 ж

Жаратылыстану-математикалық бағыт: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы

§3. Білім берудің ақпараттық ресурстары

Сілтеме

Ø  Информатика  10-сынып,   Б.Қ. Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Г.А.Тезекбаева

Ø  Әдістемелік көмекші құралдар, дидактикалық материалдар, қосымша дереккөздер

Жалпы мақсаты

Оқушыларға білім ресурстары, білім порталдары және каталогтары жайлы мағлұмат беру, түсінулері үшін  бағыт - бағдар  беру.  Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру,  есте сақтау,  байқағыштық,  тапқырлық   қабілеттерін  дамыту. 

Оқыту нәтижелері

- Берілген  тапсырмаларды  жұпта,  топта  орындауға  үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі  бағалауға дағдыландыру;

-Тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы 

 информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері;

Түйінді идеялар

Білім берудің ақпараттық ресурстары

Күтілетін нәтиже

Оқушылар  білім берудің ақпараттық ресурстары түрлерімен танысып, оларды ажырата алатын болады, тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы   қалыптасады,  информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттер артады, жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды игерту

Оқыту әдісі:

Топтық, жұптық,  ішінара ізденушілік

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сайттар  аты   бойынша  3  топқа бөлу

 Бағалау критерийлері

•      Өз бетімен білім алуы

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      Практикалық білімі

•      Информатикалық  терминді пайдалану

 

Сабақтың    барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету.  Өздеріне мысал келтірту.

.

А) Жаңа  сабақ  бойынша  не  білетінін  айту.

Ә) Оқушылар  мұғаліммен  бірге  слайдтар  бойынша жұмыс  жасайды.

 

ТҮСІНУ 5 мин

Тақырыпты  оқушылар  өздері   меңгеруіне  мүмкіншілік  беру.

А) Әр оқушы өз  бетінше  тақырыпты  оқып  түсінеді,   жұпта талдайды,   топта  талдайды,   дұрыс немесе дұрыс емес екендігін  айтады. 

Ә)  Түйінді  сөздерді (анықтамаларды)  дәптерге   жазу.  

Ø  Білім берудің ақпараттық ресурстары...

Ø  Білім берудің электрондық ресурстары ...

ҚОЛДАНУ  –  15  мин

Дарындылық,   жас ерекшеліктеріне сай   деңгейлік  тапсырмалар

Тәжірибелік тапсырма: электрондық ресурстарды пайдаланып: І топ- «Информатика», ІІ топ – «Биология», ІІІ топ – «Физика»  пәндеріне қатысты электрондық материалдарға шолу жасайды.

ТАЛДАУ –  11  мин

Сыни ойлауын дамыту.

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

Бақылау  сұрақтары:

1.      Ақпараттық ресурстардың рөлі қандай?

2.      Білім берудің ақпараттық ресурстары деген не?

3.      Білім берудің электрондық ресурстарының қандай ерекшеліктері бар?

4.      Өздерің осындай ресурc түрлерін пайдаланасыңдар ма?

ЖИНАҚТАУ-  8 мин

Оқушыларға тест сұрақ қою және олардың жауаптарын жұптастыру арқылы бағалау

 Оқулықтағы І тарау бойыша қорытынды тестіне жауап береді

Бағалау:  оң жақ көрші

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

БББ кестесін тарату 

білемін

білдім

Білгім келеді

 

 

 

2 минут

 

Оқушылар кестені толтырады

Бағалау

2 минут

  Топ  бағалаушылары  топ  мүшелерін  бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

 

Қорытынды   баға   шығару

Бағалау   парағы   бойынша    бағалау.  

      

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.