Главное меню

  • К списку уроков
Информатика "Модель және модельдеу" 6 сынып
01.03.2015 1608 271 Оразалина Бақыт Кәменқызы

Сабақтың мақсаты: Модель және модельдеу тақырыбын түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (Диктант жазғызу,  «Кім жылдам?» ойыны, тәжірибелік (топпен) жұмыс)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақпараттық диктант арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі....................................................... деп аталады.
2. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты................................................. фигураға жазылады.
3. Шарт циклдік алгоритмнің...................................................... немесе соңында келуі мүмкін.
4. Алгоритм түрлері:........................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
Екі топқа бөліп «Кім жылдам?» ойынын ойнатамын.

1. Компьютердің буынын ата

2. Вирус дегеніміз не?

3. Вирустар қалай тарайды?

4. Дербес компьютердің вируспен зақымдану белгілерін атаңдар

5. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер?

6. Мұрағаттар қандай мақсатта құрылады?

7. Алғашқы есептеу құрылғысы

8. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны ата.

 III. Жаңа сабақты түсіндіру

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сәйкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
* Қоршаған ортаны танып - білу;
* Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
* Әсердің нысанға тигізер салдары;
* Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

ІҮ. Жаңа сабаққа байланысты оқушыларға компьютерде Paint редакторында нысандардың моделін орындауды ұсыну.

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар беру

1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.


VІ.
Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Модель және модельдеу тақырыбын оқып келу. 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.