Главное меню

  • К списку уроков
Информатика "Пернетақта. Пернелер тобы" 5 сынып
21.02.2015 1517 278 Көшек Перизат Ерсайынқызы

Сабақтың мақсаты: Пернетақтаның жұмысымен таныстыру арқылы, оқушылардың компьютерді қолдана білу қабілеттерін арттыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Пернетақтаның функционалды пернелері жөнінде мағлумат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, пернетақта тренажері, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Өтілгенді пысықтау
III.Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
IV.Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
V.Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
VI.Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
1. I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. II. Өтілгенді пысықтау
• Компьютердің негізгі құрығыларын ата.
• Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?
• Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.
• Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.
• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.
• Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?
1. III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда 101 немесе 102 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)
-функционал пернелер: F1-F12
-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
-сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосыма NumLock пернетата арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
• Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.
• Sin.kz бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.
1. V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
• Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
• Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.
VI.Бақылау кезеңі
• Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?
• Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз
• Пернетақтаның блоктарын айт.
• Негізгі пернелердің қызметі қандай?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.