Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныптарға арналған 0-дік бақылау жұмысы
23.10.2015 2628 160 Жұмабекова Бақыт Қадырқызы

Мақсаты: 4- сыныпта меңгерген білімдерін тексеру

Тақырыптар Білімі Білігі Бақылау жұмысы № 1
Лексикалық: Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті
1.

Грамматикалық:
Фонетика, дауысты, дауыссыз дыбыс. Зат есім Тәуелдік жалғау. Отбасы тақырыбына қатысты сөздерді білу.

Диалог құра білу Отбасы тақырыбы бойынша сөйлемдерді құрап, әңгімелей алу.

Сөздерге дыбыстық талдау жасай білу. Сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу Нөлдік бақылау жұмысы
Менің отбасым
Менің атым- Маржан. Мен бесінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымызда сегіз адам бар. Менің атам, әжем, шешем, екі ағам, және сіңлім бар. Атам мен әжем -зейнеткерлер.Әкем - жүргізуші. Шешем - мұғалім. Үлкен ағам университетте оқиды. Кіші ағам мектепте оқиды.
Біздің көршіміз қарт кісі. Ол өте бауырмал. Біз көршімізбен тату тұрамыз.
( 50сөз)
Грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса.
мұғалім отбасы

ІІ деңгей. Берілген зат есімдермен сөйлем құраңдар.
қарындасым, інім, әпкесі

І деңгей. Диалог құр
«Танысу» «Дүкенде»

Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

5-сыныптарға арналған №2 бақылау жұмысы
Диктант

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын тексеру,алған білімдерін бекіту.

Тақырыптар Білімі Білігі Диктант №2
Лексикалық:
Менің достарым

. Достық тақырыбына қатысты сөздерді білу.

. Достық тақырыбы бойынша сөйлемдерді құрап, әңгімелей алу.

. Диктант.
Көптеген көмек
Анарды анасы дүкенге жұмсады.Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар, Асқар, Азамат кездесті.
Айдар Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Едәуір жүрген соң,шаршайын деді. Ал Асқар мен Азамат Анар мен Айдарға көмектесуді ойламады. Анардың иті иесінің шаршағанын көрді. Жердегі сөмкені бауырынан тістеп көтеріп алды.

(52сөз)


Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.

5– сыныпқа арналған І тоқсан №3 бақылау жұмысы
Мақсаты: І тоқсанда меңгерген білімдерін тексеру.
Тақырыптар Білімі Білігі Бақылау жұмысы №3
Ас дәмді болсын Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты жаза білуі керек;

Түбір, қосымша Сұрақ қоя білу.
Әңгіме жазу
Нан
Нан дастарқанға қалай келеді? Фермер егін егетін жерді таңдайды.Ол диқаншыларды егін егуге ұйымдастырады.Жерді өңдеуге ақша бөледі. Диқаншыларға жеке тапсырма береді.Тракторшы жер жыртады.
Бидайдың тұқымы егістікке егіледі. Оны жаздай диқаншылар баптайды.Арам шөптерді жұлады, дәрі себеді.Бидайды диірменге жеткізеді. Енді ғана бидайдан ұн жасайды, ұннан нан пісіреді. Нандар дүкендерге түседі.

Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей. 1.Мәтінге сұрақ қой.

ІІ деңгей 2.Түбірден қосымшаны ажырат: диқаншыларды, тракторшы, шөптерді, дүкендерге.

І деңгей.Шағын әңгіме жаз.
"Менің досым" "Менің отбасым"

Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

Қазақ тілі пәні бойынша 5– сыныпқа арналған ІІ тоқсан .
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалу барысын тексеру

Тақырыптар Білімі Білігі Диктант № 4
Лексикалық:
Ұлттық тағам
2.

рамматикалық:
көптік жалғау

.
Нан өнімдеріне қатысты сөздерді білу.

.
Зат есімнің көптік жалғауын дұрыс жалғай білу,
. Бауырсақ
Ұннан жасалған тағамның бір түрі- бауырсақ. Ол дастарқанның басты асы. Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан май құйып иленіп, майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ бұрынырақта көбінесі арнаулы сыйлы қонақтарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақты сүт пен майлы сорпаға илеген. Оның жұмыртқа қосқан түрі де бар.

Грамматикалық тапсырмалар
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар
Бауырсақ, ұн,май, қонақ. Сүт,тағам, жұмыртқа.

Қазақ тілі пәні бойынша 5– сыныпқа арналған ІІ тоқсан бойынша бақылау жұмысы
Мақсаты: ІІ тоқсан бойынша меңгерген білімдерін тексеру.
Тақырыптар Білімі Білігі Бақылау жұмысы № 5
Отан Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты жаза білуі керек;
Буын,септік жалғау Сұрақ қою Менің Отаным
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан Республикасы -тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының астанасы- Астана қаласы. Астана -әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада парктер, мектептер, мөлтек аудандар көп. Парктер өте әдемі.
Мұнда әртүрлі ұлттың өкілдері тұрады.

Грамматикалық тапсырмалар
1 Төмендегі сөздерді септеңіздер.
Отан, қала.
2. Мәтіннен ашық буынды сөздерді теріп жаз.
3. Мәтінге сұрақ қой.



Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған мазмұндама
Мақсаты: Мазмұндама арқылы оқушылардың сауаттылығын тексеру.

Тақырыптар Білімі Білігі

Туған жер

Сауатты жазу.Сөздердің орын тәртібі

Түсінгенін сауатты жаза білу
Елімнің табиғаты
Қазақстанның табиғаты аса ерекше. Таулар мен ормандар, шөл мен шөлейттер, теңіз, өзен, көлдер. Жеріміз аңыздарға да өте бай. Ақындар еліміздің байлығын, сұлулығын жырлаған. Сәкен Сейфуллин Көкшетау табиғатын тамаша суреттеген. Қазіргі заманымыздың талантты ақындары да туған еліне арнап, көптеген өлеңдер азып жүр. Солардың бірі қостанайлық Ақылбек Шаяхметов, көкшетаулық Сәкен Жүнісов. Ақындар өз өлеңдерімен туған елдің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосып жүр. Табиғатты аялау-әр өлеңдерімен азаматтың парызы.

Қазақ тілі пәні бойынша 5– сыныпқа арналған ІІ тоқсан бойынша аралық диктант
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалу барысын тексеру
Тақырыптар Білімі Білігі Диктант № 4
Лексикалық:
Табиғат тамашасы
3.

Грамматикалық:
Сын есім

Табиғат тақырыбына байланысты сөздерді білу

-
Сын есімдерді білу
Фонетика, септік жалғау

. Диктант.
Алғашқы қар
Міне, қыстың бірінші айы да бітейін деді. Ал қар болса жаңадан жауды. Мен бүгін ерте тұрдым.Тұрсам,даланы аппақ қар басып қалыпты.Ал қарды тамашалап далада біраз жүрдім. Үйдің үстіне қап-қалың қылып жауыпты.
Зәулім ағаштарды қар майыстырып жіберген.Қар күнмен шағылысып жылт-жылт етеді. Әсіресе,терезедегі шықтар адам үшін әдейі оюлап қойғандай.Мен қардың жауғанына қатты қуандым. Қарда шанамен, шаңғымен ойнаған қандай қызық!

1.Фонетикалық талдау жаса
Бүгін біраз
Көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.
2.Мына сөздерді тәуелде
Шаңғы шана
Сөздерді септе
Ағаш қар
Сын есімдерді теріп жаз
3." Қыс" тақырыбына диалог құрастыр.

Қазақ тілі пәні бойынша 5- сыныпқа арналған III тоқсан
Тақырыптар Білімі Білігі
Лексикалық:
Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз?

Қыс тақыры-бына қатысты сөздерді білу.

жатыс, барыс септігіндегі сөздерді білу,

Жаңа жылды қалай қарыс алатынын баяндау.

Диктант
Қыс келді.
Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес.Күн суық,аяз.Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Балалар қармен ойнап жүр. Үлкен балалар мұз айдынында хоккей ойнап жүр. Қыста кісілер жылы киінеді. Қыста жаңа жыл мейрамы болды. Мектепте шырша орнатылады. Шыршаға әдемі ойыншықтар ілінген. Аяз ата мен Ақшақар сыйлық әкелді. Балалар өте көңілді. Жаңа жыл құтты болсын!
(56 сөз)
Грамматикалық тапсырма

І. Жатыс, барыс септігінде сөздерді қолдан отырып, жаңа жылды қалай тойлайтынын туралы қысқаша жазыңыз.

Қазақ тілі пәні бойынша 5- сыныпқа арналған III тоқсандық бақылау жұмысы

Тақырыптар Білімі Білігі Бақылау жұмысы
Лексикалық:
Менің мектебім. Мектеп ғимараты.

Грамматикалық:
Сан есім.Есептік сан есім. Сын есімнің күшейтпелі шырайы.Зат есім, көптелуі. Өзінің мектебін сипаттау

Көптік жалғауды, есептік сан есімдерді, сын есімнің күшейтпелі шырайын білу.

«Менің мектебім» тақырыбына байланысты әңгіме құрастыру..

Көптік жалғауды, есептік сан есімдерді, сын есімнің күшейтпелі шырайын ажарата білу.


Менің мектебім
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді.Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, морфологиялық, фонетикалық,синтаксистік талдаулар жасаймыз, диктант,мазмұндама,шағын шығарма жазамыз.Сурет бойынша әңгіме құрап,әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз,өлеңдерді жаттаймыз.
(43 сөз)
Грамматикалық тапсырма
І нұсқа ІІ нұсқа

ІІІ деңгей.Берілген сөздерге көптік жалғауларды жалға
Мұғалім, тақырып, өлең,сөйлем. Сабақ, жұмыс, сурет, талдау
2.Берілген сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
5, 12,18,24,65,87,1000,7,6,3.
ІІ деңгей. Берілген сын есімдерді күшейтпелі шырайда қойып, сөйлем құраңыз.
Қызықты, мейірімді, ақкөңіл. Ажарлы, биік, тәртіпті
І деңгей. «Менің мектебім» тақырыбына байланысты әңгіме құрастырыңыз.

Қазақ тілі пәні бойынша 5- сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы

Тақырыптар Білімі Білігі Бақылау жұмысы

Лексикалық:
Қазақ тілі сабағында біз әдетте не үйренеміз?

Грамматикалық:
Шылау. Жалғаулық шылау. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көпше түрі. Пәндерге байланысты сөздерді білу.

Жіктік жалғауын,етістіктің шақтарын,шылау түрлерін білу. Пәндерге байланысты сөздерді қатыстырып әңгіме құрай білу.

Жіктік жалғауын, етістіктің шақтарын,шылау түрлерін ажырата алу, сөздерге сұрақ қоя білу.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бесінші сыныпта оқимыз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тілді оқиды.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Тақырыпқа ора көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап береміз, қазақ мәтінін оқып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматкалық, фонетикалық талдаулар жасаймыз, диктант, шағын шығарма жазамыз.
(56 сөз)
Грамматикалық тапсырма

І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, бір етістікті үш шаққа қойып жазыңдар.

3 ІІ деңгей.Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойыңдар.
Мектептен ..... үйірмеге бар. Дүкен сағат жетіге ..... жұмыс істейді.
Асан ... Үсен далада ойнап жүр. Асханадан .... қолыңды жу.

І деңгей. Шылаулар мен етістіктің осы шағын қолданып,монолог құрастырыңдар.

«Менің сүйікті пәнім» «Қазақ тілі сабағында»

5– сынып
Мақсаты: ІY тоқсанда меңгерген білімдерін тексеру.
Тақырыптар Білімі Білігі диктант
Саяхатқа шығу Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты жаза білуі керек;
Есімдік, сан есім түрлері
Сұрақ қоя білу.
Жазғы саяхат
Мансұр екеуіміз мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітірдік. Мектеп директоры бізге Астана қаласына саяхатқа жолдама берді. Біздің ауылдан отыз оқушы шілде айында пойызға отырдық. Жетекшіміз Жұлдыз апай болды. Астана қаласына келесі күні сағат үште жеттік.Бізге қала қатты ұнады.Керемет әдемі , көрікті орындар бар екен.
Ең алдымен Бәйтеректі көрдік. Оның биіктігі 97 метр екен. Бізге саяхат қатты ұнады.
(58 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей. 1.Мәтіндегі есімдіктерді теріп жаз.

ІІ деңгей 2.Мәтіннен сан есімді тауып, мағынасын ажырат..

І деңгей. Мәтінге сұрақ қой..


Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

Қазақ тілі пәні бойынша 5- сынып
Жылдық аралық бақылау жұмысы
Тақырыптар Білімі Білігі Бақылау жұмысы

Лексикалық:
Ана тілім

Грамматикалық:
Шылау. Жалғаулық шылау. Сын есім, Шылау

Жалғаулық шылауды орнына қоя білу
Диалог құрай алу.

Ана тілің -арың бұл
Тіл қай елде,қай ұлтта болса да қастерлі,құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дариды.Тіл байлығы -әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.
Көптеген жастар ана тілінде жақсы сөйлей алмайды. Туған тіліңде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей.
(55сөз)
Грамматикалық тапсырма
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей.Сын есімді тауып көшір
ІІ деңгей.Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойыңдар.
Мектептен ..... үйірмеге бар. Дүкен сағат жетіге ..... жұмыс істейді.
Асан ... Үсен далада ойнап жүр. Асханадан .... қолыңды жу.

І деңгей. Диалог жаз
«Менің ана тілім»

Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.