Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Мамандық таңдау»
19.10.2014 8843 0


         ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді. 

Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан  мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.
         Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса. Ал егер  "Алтын белгі" иегері болсаң, онда  қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі  жоғары. Себебі  алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында  байқауға  түседі.  (102 сөз)