Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қонақ күту»
19.10.2014 10767 0


            Қонақжайлық  қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Бұл дәстүр имандылықты айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Отбасы үшін жолаушыны  күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық  қалып.

          Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қазақта  «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Қонақтарды «арнайы қонақ», «құдайы қонақ»,  «қыдырма қонақ»,  «қылғыма қонақ»  деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға  сый-сиапат көрсету. Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Қонақ бата iстеуге тиiс.  Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек. Мұны "қонақ кәде " дейдi.  Кештiң соңында үй иесi қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: "Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз" деп өзi де демалады. Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай " сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесiнiң атын,мылтығы мен итiнен басқа кез-келген затты сұрауына болады.. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы  қатынастарды нығайтуға, туысқандарың, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретеді. Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақжайлылығын  қазақ даласында болған саяхатшылар  жоғары бағаланған