Главное меню

  • К списку уроков
Мақал- мәтелдің бастауыш сынып оқушыларына тигізетін әсері
07.12.2015 906 144 Арингазинова Кулан Сапашевна

          Бастауыш сынып оқушылары үшін мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Оқушылар сабақта мақал –мәтелдің мағынасына қарай  отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ата-ананы ,достарын қадірлеуді, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге тәрбиеленеді.Сабақта мақал-мәтел  шапшаңдыққа, алғырлыққа, ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Әдебиеттік оқу пәнінен «Отан »тарауын өтер кезде оқушылардың Отанға деген сұйіспеншілігін арттыру мақсатында Отан туралы мақалдар таратып пікір талас тудыруға балады .  Мысалы, Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Отан-  оттан да ыстық.

Ел іші алтын бесік.

Ерді ел өсіреді,

Жерді гүл өсіреді.

Есің бар да елін тап.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Өз  елім- өлең төсегім.

Өз елің-тұғырың, өз жерің – қыдырың.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған жердің қадірің, шетте жүрсең білерсің.

Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.

  Сондықтан сөздің сырын ашып, мақалдың мәнін біліп, әсерлі әдемі сөйлеу кез келгенге жарасады.

 

                 Павлодар облысы,

           Қачир ауданы,

                                                                Қызылтаң ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі

                  Арынгазинова К.С.      

                                               

 

                                                  Қазақ ырымдары.

Мал үшеу немесе төртеу туса,олардың біреуін бауыздап босағаға көмеді.

 

Егер бір үйде қыз туа берсе ,келесі бала ұл болсын деп оған ұлдың атын қояды.

 

Егер ауызға ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді.

 

Адам басы кемиді деп ,бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.

 

Садақа киім берсе ,оның түймесін кесіп алады.

 

Жиенді ұрса ,қолы қалтырайды деген ырым бар.

 

Қазақ жек көрген немесе көрмеймін денген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.

 

Шала туылған баланы тымаққа салып,неше күн кем туылса сонша күн тымаққа салып іліп қояды.

 

Пәле жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды.

 

Бас киімді теріс айналдырып киген жаман істің белгісі.


                                                       Жазып алған: бастауыш сынып мұғалімі                       

                                                        Арынгазинова К.С

                                                         Қызылтаң орта мектебі.                                                                             

Бастауыш сынып оқушыларын  адамгершілікке тәрбиелеу.

           Қазіргі таңда болып жатқан жаңартулар тәрбие жұмысын жандандыруда мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі- өркениетті прогрессшіл бағыттағы азаматтық қасиеттері мол сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған замандастарымен тең дәрежеде өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

     Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болып табылады.Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері-оқушылардың белсенді саналық көз қарасын сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру.ол баланың жеке басының қалыптырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды.Кішіпейілділік негізі отбасынан дамиды. Оған ата-анасының берген тәрбиесі тұрмыс тіршілікке көп әсер етеді.Оқыту барысында балаларды кішіпейілділікке  тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну. Балаға  жазушылардың шығармаларын оқыта отырып , ондағы кейіпкерлердің образын талдата отырып ,баланың ой-психологиясына да үңілуге болады. Балаларды сыныптың ұжым ішінде қарым-қатынас кезінде достарымен аралас-құралас кезінде қандай екенін білуге болады және сол мінезіне қарай отырып оның мінез-құлқын жөндеуге кішіпейілділікке тәрбиелеуге болады.

 Адамгершілік сезім дегеніміз –әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір-бірімен достық –жолдастық ,қарым-қатынасының нығаюын қарастыру ,олардың әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету адамгершілік сенімнен туады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі .Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттер тәрбиелеу.

     -Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

     -Оқушылардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау.

    -Отанға . халқымызға,еңбекке жауапкершілік сезіммен қарау.

  Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшелігіне қызығушылығына  лайықты жасалады.Оқушыларды кішіпейілділікке  адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі –ертегі қиса.Оларда халықтың тұрмыс-тіршілігі,әдет-ғұрыптарының дәстүрлері,   Отанға туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігі бейнеленеді.

     -Жақсы адам-елдің ырысы

     Жақсы жер –даланың ырысы-деп адам қасиетін білдірсе,

    Ұлық болсаң –кішік бол ,- деп кішіпейілділікті ,

    Әдепті бала - арлы бала,

    Әдепсіз бала - сорлы бала,-деп көрегендікке баулиды. Адамгершілік қасиеттерін дамытуда ойын арқылы меймандастық достық сезімдерін нығайтуға болады.Сонымен кіші мектеп жасындағы оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу,оның адамгершілік кішіпейіл, зейінді етіп шығару ата-ана мен мұғалімнің міндеті. 

 Арынгазинова Күлән Сапашқызы.

бастауыш сынып мұғалімі.

                                                    Павлодар облысы,

Качир ауданы,

Қызылтаң орта мектебі.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.