Главное меню

  • К списку уроков
Адал достық
14.12.2016 334 76 Тулебоева Бозоргул Мирзаевна

Мектеп: Краснознаменное орта мектебі Мерзімі:
Мұғалім: Тулебоева Б.М
Сынып: 4 «А» Оқушылар саны: 5
Тақырып: Адал достық.
Құндылық: Сүйіспеншілік Сабақ: №10
Қасиеттер: татулық,адалдық,шынайылық

Сабақ мақсаты: адал достықтың мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың адалдық қасиеттері туралы түсінігін тереңдете отырып,мәнін ұғындыру;
2. Оқушының бойында татулық, шынайылық қасиеттерін дамыту;
3. Оқушыларды достықты қадірлей
білуге,татулыққа,адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу; Ресурстар:АКТ,Оқулық(4сынып), жұмыс дәптері(4сынып), «Жандосым»әнінің аудиожазбалары.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.«Орманға саяхат». Көзімізді жұмамыз,терең демаламыз,әр демімізбен өзімізді еркін,тыныштықта сезінеміз.Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз,сыныптан шығып,дәлізден өтіп,далаға бет алдыңыз.Таза ауаны сеземіз,самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді,шашымызды сипайды.Біз ақырын орманға қарай бет аламыз.Абай болайық,жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық.Бір минутқа тоқтап,айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады,қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай,ары қарай бет аламыз.Орманның ішіне де келдік.Құстардың әсем әуені,шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай.Айналамызда түрлі ағаштар.Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз.Бауырында отырып,біраз тыныстап алыңыз.Мен бақыттымын,менің жан дүнием тыныш.Табиғат қандай тамаша!Мен табиғаттың бір бөлшегімін,менің табиғатқа зияным тимеуі керек,кез-келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.Енді орнымыздан ақырын тұрып,айналамызға тағы көз жібереміз.Келген ізімізбен,мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп,өз орнымызға отырайық.Тыныштық пен разылықты жүрегімізге сақтап,көзімізді ашамыз,бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
Рахмет!
-Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?
Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ № 9. Оқушыларға достарына өздері білетін жақсы тілек және жылы сөздер жазып келу берілген болатын. Тапсырманы кезекпен оқытып,сұрақтар арқылы пікір алмасу. Сабақ №10. «Данышпан» өсиет-әңгімесін оқып келу. «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенде нені түсінетінін сұрап,түйіндеу.
3.Дәйексөз.

Айнымыс досы бар адам-ең бақытты адам.
Халық мақалы
3.1. Дәйексөзді оқушыларға оқытамын.
3.2. Дәйексөзді дәптерге жаздырамын. 3.3.Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
-Айнымас дос дегенді қалай түсінесіңдер?
-Қандай досы бар адам бақытты?Неліктен?

4. Әңгімелеу.
Екі дос. Ел аузынан
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған малмүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлерді оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына: -Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін.Ол-өзімнің өмірім.Досымды босатыңдар,ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді. Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да: -Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді. -Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. -Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы. -Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,-деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. Сұрақтар:1.Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? 2.Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен? 3.Сендердің де адал достарың бар ма?
5. Шығармашылық іс-әрекет.
5.1.Тақтаға плакатка жазылған мынадай сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айту.Қуаныш,өзара сыйластық,еңбек,шыншылдық, сүйіспеншілік,мейірімділік,кешірімділік,күлкі,оқу,өзара сыйластық,жауапкершілік,сұлулық,түсіністік,қамқорлық,адалдық, әдептілік. 5.2. «Адалдық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Дәптермен жұмыс.
«Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазу.


6. Топпен ән айту.

Жан досым.
Әні мен сөзі:Т.Молдағалиев
Іздегенде табылатын қасымнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесек,сағыныштан жүдейтін
Кім бар жақын бала күнгі досымнан.

қайырмасы:

Жан досым үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін.
Сырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін.

Қос бұтағы секілденіп ағаштың
Қатар тұрып гүлімізді сан аштың.
Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық,
Адассақ та бірге жүріп адастық.

қайырмасы:

Өмір өзі арқамызға жүк салып,
Бәрімізді қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.

қайырмасы:
Жан досым үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін.
Сырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін.




7. Үй тапсырмасы
№10 «Менің досым» тақырыбына эссе жазып келу. №11 Ж.Дәуренбековтің «Сурет» әңгімесін оқып келу.


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.


Балалар,ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар.Бүгінгі сабақтан алған татулық,адалдық,шынайылық қасиеттерін жүрегімізге сақтайық.Олар көңіл күйлеріңізді көтеріп,жандарыңызды шуаққа бөлесін,жүректеріңізге қуат берсін.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.