Главное меню

  • К списку уроков
Өзiн-өзiн тану "Адам болам десеңіз..." 9 сынып
02.06.2015 845 0 Жалимбетова Алмира Даировна

 Табиғаттың дыбысы шығып тұрды. Ерлан: - Асхат сабақтан келе жатырып саябақта дем алып,кітап оқып отырған әпкесін көріп қалып, жүгіріп келіп: Асхат: - Сәлеметсіз бе, әпке ? Мен сізден бір нәрсе сұрайыншы, білмегеніңді үлкеннен сұраған айып емес қой. Айдана: - Иә,сұрай ғой. Өз білмегенімді саған үйрете білсем, бір жақсылық жасағаным. Асхат: - Ендеше, әпке, сізді барлығы да мадақтайды, әпкеңе ұқсасаң, жақсы азамат болып өсесің дейді. Айдана: -Егер сырттан байқаған адам мақтаса, мен мақтанбаймын, бірақ саған «Адам болу үшін» біздің мектебіміздің, шәкірттердің қосып жатқан үлесін көрсетейін, бейне таспадан көргендеріңді өмірде өзіңе қажет қолдана біл. Ерлан: «Абай сөздерінің дүниеде қалғаны - қазаққа зор бақ.Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолдан шықпай, тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер» деп әдебиет зерттеушісі , дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей , болашақ ұрпақ, өсімтал балаларымыздың өмір жолын дұрыс таңдап , белгілі кәсіп иесі боларына тура бағыт пен бағдарды ұлы Абайдың өлең жолдарынан алғанымыз жөн болады. Құлжаев Ерланның орындауында Абайдың әні. Айзада: «Қулық саумақ, көз сүзіп ,тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң , қара жер де береді,құр тастамайды» дейді абай өзінің төртінші қарасөзінде. Еңбек туралы Абай көп жазды. Жастардың дұрыс адам болуы үшін ең алдымен еңбек етуі керек. Ғылымға қол жеткізу де, қоғамға пайдалы іс жасау да еңбекпен байланысты. Ақынның «Сегіз аяқ» атты өлеңінде: Болмашы кекшіл, Болсайшы көпшіл Жан аямай кәсіп қыл! – деп , адамның адамшылығы көпті сүйген жүрегінде , еңбек етуде десе, екінші бір тұсында. Иванова Бибігүлдің шығармашылығынан /10-класс оқушысы өзінің шығарған өлеңін оқиды/ Ерлан: Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп Екі жаққа үңілдім....-деп, жастарды өнерге, ғылымға, білімге шақырады. Ән: Рамазан Айзада: Абайдың өзі ғылымға кеш көңіл бөлгендігіне өкінеді. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп, ғылымға жастайынан көңіл бөлу керек екендігін кейінгі ұрпаққа ескертеді.Надандыққа қарсы ғылымды, алауыздыққа қарсы білікті, жалқаулыққа қарсы еңбек пен білімді қояды. Дәйексөз (3 оқушы шығып айтады) Ерлан: Абайдың тұла бойы түгел көркем сөзбен өрнектелген өлеңдерінің қай-қайсысын оқысақ та, тыңдаушысының санасы салмақты ой салады. Болымсыздарға, арзан сөзділерге, екіжүзділерге ақынның жаны қас. Әсем «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі Айзада: Керек іс бозбалаға - талаптылық , Әр түрлі өнер , мінез, жақсы қылық, Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық, - деп, жігітке жат қылықтардың көзге оғаш көрінетіндігін айтады. Ерлан: Сондай-ақ Абайдың оқырманға кеңінен танымал болған «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңі де тұнып тұрған өнеге. Өлеңнің әрбір жолын нақыл сөз, өсиет ретінде қабылдау қажет. Болмасаң да ұқсап бақ Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп Айтпа, ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Осы үзіндіден байқатынымыз, ақын жастарды ізденіске, шығармашылыққа, табандылыққа шақырады. Жанбай жатып сөнуге даяр тұратын кей жалқауларға ерекше серпін беріп, жігерлендіреді бұл өлең. Ал енді Абайдың мына өлеңіне зер салсақ: Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Білім беретін ұстаздың алдында сөз ұғарлық талапты жастың болғандығы қандай жақсы! Болашақтан зор үміт күттіретін әрбір жас Абайдай ақыннан сөз маржанын теріп алса, өміріне азық етсе ақын арманы орындаоғандай болар еді. Ән: Шындаулет пен Эльнұрдың орындауларында. Кей өлеңдерінде Абай ақын кейінгі жастардан секем алып, аздап күдіктенетін секілді. Әбдіғапар Мәдидің орындауында ән. Айзада: Заман ақыр жастары Қосылмас ешбір бастары. Бір-біріне қастыққа – Қойнына тыққан тастары,- дей келе, Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер сөздері. Кекектеп , секек етем деп, Шошқа туар сөздері,- деп , арзан сөзді екіжүзділерден сақ болуға шақырады, көкірегінде көзі бар жастарға осылайша ескертеді. Жастардың болашағынан зор үміт күткен ақын олардың өмір жолына қатты алаңдайды. Ерлан: Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен , өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Міне, Абайдың жастарға қалдырған өсиеттерінің негізгі түйіні осындай. Айзада: «Абай поэзиясында мәңгі өлмейтін қанатты жан бар. Мәңгі өшпейтін бояу бар. Жылдың төрт мезгіліндей ауысып, тарихымызбен бірге жасаса береді», - деп, жазушы Әбділда Тәжібаев айтқандай, ақын өлеңдерінен аларымыз да, үйренерміз де таусылмайды. Көрініс Ерлан: - Өздеріңіз байқағандай қазан айының 21-і мен 26-сы күндер аралығында білім нәрі сусындата отырып ашық сабақтар мен әдеби кештер болды. Ең үздік деп танылған үзінділерді қайта алдарыңызға тарту еттік. Айзада: - Біз көргенімізді, білгемізді ұмытпайық. Өзіңе өнеге болар жерін өмірде қолдана біл. Ізгілікке бастар жолды ұмытпа. Ерлан: - Аяғыңды нық бас, іргетасыңды дұрыс қала, сонда ғана мықты , бақытты өмір сүресің. Айзада,Ерлан: - Адам болам десеңіз , ізгі қасиетіңіз бар екенін ұмытпаңыз. Асхат: - Е-е, әпке, көп нәрсені ұқтым. Таза ауа, әдемі жерде, кітап оқып отырғаңызды жаңа түсіне бастадым. Айдана: Ей, достар! Қоршаған ортаны ластамайық, деніміздің саулығы, сауаттылық, жақсы қасиет сені көркейте түседі. Ән : Мейрамбектің орындауында «Қазақ жастары». Хормен: Келесі кездескенше, сау- саламат болыңыздар! №50 орта мектеп Сыныптан тыс Адам болам десеңіз... Өткізген: Жалимбетова А. Д. 2014-2015 оқу жылы