Главное меню

  • К списку уроков
Сыныптан тыс шара "Табиғаттан нәр алып.."
02.06.2015 1011 0 Жалимбетова Алмира Даировна

Фанфор ойналады.
«Тіл бірлестігінің басталуы туралы өлең оқылған соң, сөз кезегі бірлестік жетекшісі Қабылтаева Аманкүл апайға беріледі.

1. Табиғат көрінісі мен сыртқы дауыс

1 ж :- Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс, түлеп өсуіне қажетті нәрі,
жер бетіне берген сәні.
2ж.: - Табиғат. Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-
бірімен тамырлас әрі тағдырлас.

1ж.: - Иә, біз сіздерді табиғаттың қадір-қасиетін дәріптеуге шақырамыз.
1-2ж. Қош келіпсіздер!

1ж.: - Айналадағы өзімізді қоршаған дүние, жер,күн, жан-жануарлар, өсімдік
атаулының бәрі – табиғат.Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс
пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың
өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
2ж.: -Ал, сен біздің ақын- жазушыларымыздың қалай бейнелеп жеткізгенін білесің бе?

1ж.: - Ал ендеше, тыңдап көрейік. .
Қорқыт ата: << Қара тауларың құламасын,саялы ағаш сынбасын>>дегені айналадағыны аялай біл деген аталы сөз.<<Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым,үйеңкінін түбінен үйіріп алған қобызым>>деген өлен жолдарында үлкен мән бар.
1-ж. : Шыңғыс Айтматов: «Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ойы», - деген екен.

Қыдырбаева Аяулым Шыңғыс Айтматов туралы мәлімет айтады, Төремұратова Құралай шығармасынан үзінді оқиды.
2ж.:- Ал, едеше «Жер Ана» көрінісін тамашалап көрелік.
КӨРІНІС
1ж.: - _________, сен білесің бе поэзия жолында табиғат қалай суреттелген?
2ж. :- Керемет!!! Тағы бір тыңдасақ қайтеді?
(осы кезде оқушылар шығады:
1
2. Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет айтылғаннан кейін табиғат туралы өлеңі оқылады.
3. Мұқағали Мақатаев туралы мәлімет айтылғаннан кейін табиғат туралы өлеңі оқылады.
4. Қасым Аманжолов туралы мәлімет айтылғаннан кейін табиғат туралы өлеңі оқылады.)

1ж.: - Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, адам бойына бар махаббат шуағын
ұялатқан аяулы ана.
2ж. Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын
«АҚ ҚАЙЫҢ» ӘНІ Ерсейітов Мұхаметберік 8ә / ортаға шығып айтады/

1ж.: - Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазақа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған сияқты
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты.
2ж.: - Иә, __________, туған жердің тағдыры біздің ата-бабаларымызды да ерекше
толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты анталаған жаулардан
аман алып қалған.

1ж.:- Оның әрбір ағашын, тасы, бұлағын, аялай білген.Табиғатқа аялы алақан, жылы
жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген.
2ж.: -Еліміздің, яғни табиғатымыздың көркеюіне бар үлесін қосқан кім десе сен не айтар едің?

1ж.: -Мен , мен болсам, бірінші Нұрсұлтан Назарбаев ,екіншіден әрине ол –бізбіз.
2ж.: - Меніңше, осы жерде атты бүлдіршіннің әніне құлақ салсақ
деймін.
1ж.: Жарайды.
Сахнада ән айтылады.

1ж.: _______________, сен біздің «Тіл» апталығымыз қай мезгілде өтіп жатқанын байқадың ба?
2ж: -Қыс мезгілі, әрине бұл тамаша мезгіл. Қыс мезгілінің өз ерекшелігі бар. Сықырлаған аязы, бораған бораны, айнала ақ ұлпа қар, соғылған аққала, зымыраған шана. Ой, қандай керемет!!!
/бір оқушы қыс туралы өлең оқиды/

1ж.: - Ал енді, Абай атамыздың табиғат лирикасына тоқталмасқа болмайды.
/Оқушылар өлеңдерін оқиды/
2ж.: - О,табиғат,тіршілікте бесік болған мекенім
Құшағынан нәр алып,мұратыңа жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл-қызымдай үйдегі
Азаматтық борышым қорғаушың боп өтемін.
1ж.: -Табиғаттың тарылтпайық молдір кәусәр тынысын.
Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын.
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Табиғат Анаң,ал сен оның аялаған ұлысың.

2ж. -Ал, сен ақын болсаң не істер едің?
1ж.: -Егер мен ақын болсам ,елімнін ну орманын ,кең даласын жырға қосып өлен жазар едім.Халқыммен бірге екенімді танытар едім.
Тілектер айтылады.
1.Бұлақтай молдір таза бол!
2.Жұлдызың жарық болсын!
3.Айың оңыңнан тусын!
4.Көңілің көлдей шалқысын!
5.Гүлдей жайнай бер!
6.Таудай талап бер!
7.Қызғалдақтай құлпыра бер!
1-2. Келесі кезекте Құпжаев Ерланның орындауындағы <<Елім менің>>әні

Сыртқы Дауыс: Тіл жанашырлары, сіздерді апталықта атсалысуға шақырамыз.

№50 орта мектеп

Сыныптан тыс

Табиғаттан нәр алып...



Өткізген: Жалимбетова А. Д.

2014-2015 оқу жылы