Главное меню

  • К списку уроков
Өзін өзі тану "Адалдық адамдықтың белгісі" 9 сынып
24.02.2015 2206 213 Кадырова Рашида Акимжановна

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

. Адалдық пен шындықтан адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру;

.Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

.Адал шыншыл болуға тәрбиелеу.

Мақсаты:  Адалдық пен шындықтың адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру.

Шаттық шеңбері   Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың мақсан міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс Сабақты З.Шашкинің «Темірқазық» әңгімісімен жалғастыру.

Әңгімелесу

            . Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай ?

            . «Адылдық адамның белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

            . Неліктен адалдық кеңпейілдіқ, ақкөңілдік, шыншылдық ұғымдарымен қатар жүреді.

            . Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?

Тапсырма       Оқулықта берілген мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.

Тыныштық сәтті Баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс тәсілін қолдану

Дәйексөз «Адалдық ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып, ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін түсіндіру мақсатын жүзеге асырады.

Жаңа ақпарат                        Ары  таза адал адам мінді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына ,қоғамға адалдық аламның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

            Дәйексөз. « Адалдық деген ашық, шыншыл қарым қатынас » деген А.Макаренконың сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.

Жағдаяттарды талдау. Бұл тапсырма жоғарында айтылған ойларды тереңдете түседі.Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау, адамның жауапкершілікті сежінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.        Томендегі жағдаяттарды шешіп, әдептілік тұрғысынан баға беру.

Тапсырма берілген ой тұжырымдамамен тануса. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.

Адалдық:

.Қоғам әділеттілігінің негізі болады;

.Адамдардың ізгілікті қарым қатынас жасауына ықпал етеді;

.Жеке тұлға мінез құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.

Әңгімелесу

                Сабақтың  тақырыбын ашу  үшін оқулықта « Ойналанайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген   мына сұрақтар төңіреңінде әнгіме жүргізіледі:

. Адалдықтан адами қарым қатынастағы маңызы қандай?

.Өзіне өзің адал болу деген не

.Адал болұға ұмтылу неге керек

Тапсырма     Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрып, Аман болсын әнімен сабақты аяқтаймыз

                                                                       Кадырова Рашида Акимжановна.

                                                                       Садыр атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен,

 өзін - өзі тану пәні мұғалімі.

Амангельды аулы Енбекшықазақ  ауданы.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.