Главное меню

  • К списку уроков
Мектепішілік шара «Озаттар слеті – 2015 жыл»
06.08.2015 992 0 Кабакаева Айгуль Уалхановна

Білімді, сауатты адамдар – бұл XXI ғасырда
адамзат дамуының қозғаушы күші.
Н. Ә. Назарбаев
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы, ардақты ата-аналар!
ІІ-жүргізуші:
«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп – гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен » мемлекеттік мекемесінде өткізіліп отырған «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Озаттар слетына» қош келдіңіздер!
І-жүргізуші:
Мектебіміздің мақтанышы – озаттар, олай болса, Озаттарды құрметпен ортаға шақырамыз!
Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
ІІ-жүргізуші:
1 а сынып жетекшісі Гүлмира Мухидинқызы Самылтырова оқу озаттарымен
І-жүргізуші:
1 ә сынып жетекшісі Замзагүл Саудабайқызы Балабаева оқу озаттарымен
ІІ-жүргізуші:
2 «а»-сынып жетекшісі, Турсынбүбі Зейнелгабдықызы Алдабергенова оқу озаттарымен
І-жүргізуші:
2 «ә»-сынып жетекшісі, Гүлфия Құсайынбекқызы Маткаримова оқу озаттарымен

ІІ-жүргізуші:
3 «а»-сынып жетекшісі Гүлсім Елтайқызы Худайбергенова оқу озаттарымен

І-жүргізуші:
3 «ә»-сынып жетекшісі Жанар Ирмекбайқызы Умашова оқу озаттарымен

ІІ-жүргізуші:
4 а сынып жетекшісі Гүлфия Құсайынбекқызы Маткаримова оқу озаттарымен
І-жүргізуші:
4 ә сынып жетекшісі Гүлбағи Малдыбайқызы Оспанбекова оқу озаттарымен
ІІ-жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі Озаттар слеті салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
(Әнұраны орындалады)
І-жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Озаттар слетіның салтанатына ортақ болған,
Қонақтарды таныстырып өтейін!
(Қонақтарды таныстыру)
бишілер тобының орындауында «Шашу» биі
ІІ-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,
- дей отырып, алғашқы құттықтау сөз мектеп- гимназия директоры Мурат Тоқтасынұлы Сопиевқа беріледі (марапаттау рәсімі)


ІІ-жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

І-жүргізуші:
Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.
Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.
Сондықтан ең қадірлі, қасиетті
Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр,
- деп, ақын жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі – ұстаздық. Олай болса, келесі сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ беріледі


І-жүргізуші:
Әлемге ұлылығын мойындатқан,
Тәуелсіз егемен ел Қазақстан!
20 жыл ішінде таңғажайып,
Қарқынмен болашаққа қадам басқан!
ІІ-жүргізуші:
Жасай бер, жарқырай бер, Қазақстан,
Ертең-ақ біз озамыз басқалардан.
Тілек біреу – көрінсін қазақ елі
Дамыған елу елдің қатарынан.
І-жүргізуші:
Құдіретті, қуатты қазақ елі,
Қазыналы, киелі қазақ жері!
Бүгінгі озат – иесі болары анық,
Теңдесі жоқ бай елдің әлемдегі!- дей келе Отан, мектеп, ұстаз туралы әдеби монтажымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


2. 2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Аппақ гүлдер» орындайтын Талғат Меруерт.

3.1-жүргізуші:
Күмбірге толы сырлы әлем,
Мереке әнмен жалғансын.
Музыкалық бір сәлем,
Ұстазға қане, арналсын.
Ән: «Ұстазым» орындайтын Қасымова Лаура.

2-жүргізуші:

4. Айбын болған еліме,
Айдын болған көліме.
Айналайын үш биім
Пана болған жеріме.
Көрініс: «Төле бидің төрелігі»

5.1-жүргізуші:

Домбыралы, кернейлі
Өнерпаз қыз алға шық.
Мерекеміз мерейлі
Кетсін биге жалғасып.
Би: «Шалқыма» орындайтын Рғалбек Аружан.

6.2-жүргізуші:

Күтіп тұр алда сан қызық,
Асулар асқар,неше сын.
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» орындайтын Шұғыла мен Айнэль

7.1-жүргізуші:

Өнерпаз шықсын алдыға
Әнін тыңдар тамсанып.
Құлақ құрышын қандыра,
Қол соғайық қарсы алып.
Ән: «Тәтті-тәтті» орындайтын Бекенов Әділет.

2-жүргізуші:

Еліммен бірге тілегім
Туған жер алтын тұрағым.
Арттып даңқын, атағын,
Қазақстан-Отаным!
Ән: «Атамекен» орындайтын Болатұлы Сырым. /

1-жүргізуші:
Ана жарық сыйлаған жан екенсің,
Әке шуақ шашатын таң екенсің.
«Ана –өмір,ана-бақыт,ана-жүрек»
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

1-2-жүргізушілер:
«Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы болатынымызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.
Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін.Бүгінгі мерекемізге қатысқан барлық ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айта отырып, кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!