Главное меню

  • К списку уроков
Сценарий «Сыңғырла соңғы қоңырау»
14.05.2015 2548 0 Жахина Маншук Мирзагельдыкызы

Фанфары
-Жүргізушілер шығады.
Майгүл: -Армысыздар,ата-аналар, қонақтар және ұстаздар! «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.
Ертай:- Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Майгүл:--Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Ертай:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Майгүл:- Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Ертай: -Қарсы алыңыздар, 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Жұмағалиев Қуаныш Қабдұлсұлтанұлы. Сыныпта 18 оқушы. Олар:
1. «Алтын белгі» үміткері,республикалық ФИЗМАТ конкурсының жеңімпазы, математикадан КИО олимпиадасының үздік көрсеткіші,облыстық, аудандық көптеген пәндік олимпиадалардың, шығармалардың жүлдегері,шахматшы, ақын, топ басшысы- Бөкен Әсел
2. Облыстық,аудандық шахмат турнирінің жүлдегері, былғары қолғап шебері, әнші, оқу екпіндісі -Мукушев Айбек
3. Орыс тілі пәнінен аудандық олимпиада жүлдегері, оқу екпіндісі- Курмангалиева Жазира
4. Халықаралық «Кенгуру» математика пәнінің жүлдегері,шахматты да меңгерген, қалжыңдасып, ән салып та үлгерген, оқу екпіндісі- Төлепберген Мағжан
5. Қазақша күрестен «Жас барыс » атанған, облыстық жүлделерді ешкімге бермейтін палуан, КВН тобының мүшесі, оқу екпіндісі- Айсин Батырхан
6. «Ең үздік палуан», аудандық , облыстық турнир жүлдегері ,еркелеп жүретін- Еркенов Алихан
7. Белбеу күрестен аудандық, облыстық турнир жүлдегері,әдемі жымиятын, сыпайы-Аскаров Райымбек
8.Ортамызға биыл ғана келген,сыныптың бишісі, қолаң шаш-Сейлканова Сәния
9.Аудандық, облыстық турнирлерде «еркін күрестен» жүлделі орындар иегері, оқу екпіндісі-Сәлмен Шерхан
10.Шындықты ұран қылған,жағынуды жек көретін, жылы жүзді- Жакупова Айжан
11.Республикалық « физмат» конкурсының жеңімпазы,аудандық химия пән олимпиадасының жүлдегері, оқу екпіндісі-Қайрат Жарас
12.Болашақ дизайнер,ақын, мектеп қабырға газеттерінің көркемдік жетекшісі-Курмангалиева Динара
13.Облыстық, аудандық «Қазақша күрес » турнирінің жүлдегері-Кабенов Саян
14.Штангист, оқу екпіндісі, биыл ғана келген- Оразов Нұрбек
15. Аудандық «еркін күрес» турнирінің 1-орын жүлдегері, оқу екпіндісі-Төлеген Құмар
16.Таяуда ғана келген, үш тілді қатар ұстаған, оқу екпіндісі-Төлепбергенова Мерей
17.Республикалық «Гран при» иегері, аудандық еркін күрес турнирінің жүлдегері, «Самға» КВН тобының режиссері, оқу екпіндісі-Шугайпов Әлібек
18.Республикалық «Физмат» конкурсының жеңімпазы,облыстық, аудандық еркін күрес турнирі мен футбол жарысының жеңімпазы, КВН тобының режисссері,пародист,оқу екпіндісі-Кабыкенов Мәди
1-жүргізуші: -Қарсы алыңыздар, 11 «Ә» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Нугуманова Ағайша Қоспанқызы. Сыныпта 14 оқушы. Олар:
1. Аудандық орыс тілі пән олимпиадасының жүлдегері, спортты, биді серік еткен оқу екпіндісі- Асханбай Тәубажан
2. Еркін күрестен «Облыс чемпионы»атанған,аудандық «Әнші балапан» сайысының қатысушысы, болашақ агроном –Есимов Әділ
3. Табиғатты аялайтын, қолы тиген өсімдік гүлдеп шыға келетін,суретші, келбетті-Сәуке Аймөлдір
4. Аудандық қол күресі, жеңіл атлетика жүлдегері , сүйкімді-Еркишева Айғаным
5. Еркін күрестен облыс турнирінің жүлдегері, сынып қабырға газетінің көркемдеуші,болашақ архитектор-Елубаев Нұрсұлтан
6. Облыстық, аудандық Абай оқуларының жеңімпазы жүлделі орын иегері,аудандық қазақ тілі пән олимпиадасының ақын, биші, әнші, оқу екпіндісі-Мырзагельдина Дина
7. Аудандық «еркін күрес» турнирінің бірнеше дүркін жүлдегері, еңбекқор, ақкөңіл –Досаев Қосай
8. Республикалық «Физмат конкурсының» жеңімпазы, математикадан КИО олимпиадасының үздік көрсеткіші, облыстық Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығына арналған шығармалар байқауының 2-ші дәрежелі диплом , аудандық « Менің сүйікті пайғамбарым» шығармалар байқауының 1-ші орын иегері,топ басшысы, оқу үздігі-Дулатова Айсұлу
8. Еркін күрес шебері,сыныптың еңбек секторы,еңбекқор, ақкөңіл –Досаев Қосай
9. Үш тілді қатар меңгеру заман талабы деп ағылшын тілін керек еткен, инабатты, оқу екпіндісі-Мурзахмет Мадина
10. Аудандық тарих пәні олимпиадасының жүлдегері,жеңіл атлетиканы серік еткен, ақылды, оқу екпіндісі-Биржанова Айдана
11. Аудандық «Еркін күрес» турнирінің 1-ші орын иегері, сыныптың қолбасшысы,домбырашы, әнші-Киражов Ержан
12. Елін сүйетін патриот , спортшы,ақкөңіл, оқу екпіндісі-Романова Ақнұр
13. Мың бұрала билейтін аруымыз, көркем қыз-Хаметова Махабат
14. Мектептің еркесі, еркін күрес шебері, жатақхана КВН тобының мүшесі, сымбатты-Мукатов Дәурен
Майгүл шығады: Құрметті жиналған қауым! Бүгін баршамыз толқу үстіндеміз. Себебі біздің аяулы түлектеріміз, сүйікті мектебімен қоштасқалы тұр. Ертай, Елхан үшеуміз ақылдаса келіп, бұл салтанатты кешімізді кішкене әзілдеп өткізуді ұйғардық, сіздердің кішкене болсын көңілдеріңізді көтеру мақсатында. Ал, ендеше әрі қарай жалғастырамыз.
Майгүл: Кездескенде қалатұғын шұрқырай,
Балалықтың оралмады-ау бір күні-ай.
Барлығымыз бір мектеп пен сыныпта,
Тағы осылай отырар ма ек шіркін-ай!
Елхан: -Шіркін менің балалық шағым, балабақшада жүрген кезім қайта оралса ғой!!!
Майгүл: Неге сен балалық шақты аңсайсың? Міне қарашы түлектерді, бізде кашан осындай болады екенбіз? Ендеше түлектердің «Қандай едік..... Қандай болдық» видеосын тамашалаңыздар.
Видео жүреді 5 минут
(Осы кезде Елхан шығып тұра тұрындар, сендер маған да бірдеңе оқуға берсеңдерш, не, мен оқи алмайды деп ойлаймысыңдар ма, не, мен тұра алмайды деймісіңдер, не мынау айтыңдар а! деп айқайлап қалып өз даусынан өзи шошып кетеді. Майгул тұрып еее, біз Ертай-ау, Елхан туралы ұмытып кетиппіз ғой, тұра тұр біз қазыр хабарлап алайық сосын саған барлығын түсіндіреміз.... – деп Елханды Ертай алдастырып алып кетеді.)
Ертай: Түлектерді құттықтау үшін алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры -Сүйесінова Сәрсенкүл Төлеуханқызына береміз.
Тәубажан: Сөзі (Гүл береді)
Ертай: Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ –еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қәне тілек айтсын
ҰБТ-ға жауапты Мұхтарқызы,-деп сөз кезегін Оқу ісінің орынбасары Гүлмира Мұхтарқызына береміз.
Елхан мен Ертай шығады. Ертай Елханға әріп үйретіп келеді. Ту, сен менің жыныма тиіп тұрсың, не деген ұқпайтын баласың. –Р-де, Ол –Л- дейді. –Р- де дим мен саган (басынан бір) переді. –Ойбай басым,Ойбай деп ол жылап, апама айтам, сенің қақың жоқ мені ұратын, –Апа- деп жылап кетеді. Ал Ертай болса, мен түсінбеймін мен бір балаға ие бола алмаймын, Бастауыш сыныптың мұғалімдері қалай ғана шыдап, осыларды оқытады екен аааа???-деп шығып кетеді.
Майгүл: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен әліппені алғаным.
Санай ашып әліппенің парағын,
Әліппеге үнсіз ұзақ қарадым.
Үйреттің өмір дағдысын,
Жақыннан бастап арғысын.
Алғашқы ұстаз аяулы,
Таусылмаc сізге алғысым,
дегендей алғаш әріп танытып, ата кітап әліппені ұстатқан, білімнің бастауынан нәр берген алғашқы ұстазы Меруерт Ерсайынқызы мен 5-сыныпқа шығарып салған Бибігүл Айтпайқызына сөз береміз.
11 а сынып сөздері және гүлдері (Жарас, Айбек)
(Елхан: - Ұстазым менің, ұстазым- деп айқайлап ән айтып келеді. Ой, мен өзі әнші екенмін ғой,- деп мақтанып тұрғанда Ертай шығып, Майгүл Елхан сахнаға шығып кетіпті, Ой, Елхан тоқта бұл өлеңді түлектер айтпай ма?)
Майгүл: Сіздерге мектеп бітіруші түлектеріміз Дина мен Айсұлу «Ұстазға мың тағзым» әнін арнайды, қабыл алыңыздар.

Елхан: Ақыл айтса салмақты, Ашуы да бар қатты.
Алайда ол басқадан, Абыройлы, ардақты
Майгул: Қандай жақсы жанын ұғып баланың,
Ақылшысы болу ата ¬ ананың.
Ұстаз - деген ұлы сөзден танимыз,
Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз.
Ертай: Үйретуден жалықпаған балаға, - деп жырлағандай, 7 жыл жетекшілік еткен, ақыл - кеңесін аямаған, балалардың анасындай және әкелеріндей болған сынып жетекшілері – Ағайша Қоспанқызын және Қуаныш Қабдұлсұлтанұлын зор қошеметпен ортаға шақырамыз. (Қол шапалақ, музыка мен ортаға шығады)

Елхан: Құрметті Ағайша Қоспанқызы, Қуаныш Қабдұлсұлтанұлы осы уақыт ішінде талай нәрселерді бастан өткерген боларсыздар. Оқушыларыңыздың жақсысына қуанып, жаманына күйініп, солар үшін ұялған сәттеріңіз де болған болар. Бәрі артта қалып, сүйікті шәкірттеріңіз қанатын қомдап, алтын ұясынан қияға қанат қаққалы тұр. Оларды алыс сапар күтіп тұр. Шәкірттеріңізге деген ақ тілектеріңізді тыңдасақ.

Түлектектердің тілегі (Дина және Аймөлдір)
Майгул: Сынып жетекшілері және барша ұстаздардың құрметіне түлектеріміз Ержан мен Дина «Ұстазым менің » әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

Шағын көрініс: Елхан шығып, орындықта отырады. Майгүл мен Ертай шығып, не отырыс деп сұрайды. Елханның жауабы: Мен неге отырмаймын, мен шаршап отырм. Мен неге шаршамаймын, мына балаларға бар пәнді оқыттым, білімді сарқыттым. Енді оларды «Фшт» ұшырамын қазыр.
Олар таң қалады. –Ой, сен не деп кеттің, сен өзің әлі бала емессің бе?
Елхан: Қайдан білейін, түлектер ұстаздарына тілек айта ма деп отырғаным ғой, қайдам біздікі арман ғой!
Майгүл: Өтті бізден бабалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез-даналық
Ұсынғалы адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс,амандық.
(Түлектердің ұстаздарды құттықтау)
Елхан мен Ертай шығып «Самға» тобынан үзінді қояды.
Майгүл шығып: Сендердің ойындарың «Жігіттер» КВН тобының жанында жәй гой!
Ендеше «Жігіттер» КВН тобының өнерін тамашалаңыздар...
Ертай: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан -
Берік Айсаұлына және Сандуғаш Мырзагелдіқызына беріледі.
Майгүл: Кездескенде қалатұғын шұрқырай,
Балалықтың оралмады-ау бір күні-ай.
Барлығымыз бір мектеп пен сыныпта,
Тағы осылай отырар ма ек шіркін-ай!
Ортаға мектеп бітіруші түлектерді қоштасу вальсіне шақырамыз.
(Ата-аналар, оқушы, мұғалімдер барлығы билейді)
Елхан: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз.
Үшеуі бірге қосылып: Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!