Главное меню

  • К списку уроков
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
24.02.2015 1906 287 Нурьярова Жанатбуви Сабиржановна


Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін  көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:

Армасыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі-әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

1-ж

Қайырлы күн,уа,халайлық!

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-ж

Құрметті ұстаздар,оқұшылар,ата-аналар!Бугінг біз жай жиналған жоқпыз.Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр.          Қарсы алыңдар- 1а сынып оқұшылары.

1-ж

Балалар,бүгінгі соңғы рет әліппе оқұлығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе? –Ендеше.Сынып,әліппеге саяхат жасауға әзірлен!  (музыка) 

Оқушылар: -Алыстан бір зат көрінеді (дүрбімен қарап) Қайықты жағаға бур

2-ж

Суреттермен сөйлескен,Әріптерді үйреткен.Баспа әріппен жазба әріп.Дауысты мен дауыссыз.Айтыңдаршы,балалар қай оқұлық үйреткен?  Оқұшылар хормен:  ӘЛІППЕ!  ӘЛІППЕ! 

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті-Әліппе

Ол сүйікті-Әліппе 

-Олар болса бәрімізге ең қымбат әліппенні

Хормен. Әліппе Әліппе 

Әліппе :Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқұшылар!Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет

Ер жігіттің үш жұртты болады.Мен өзіммен бірге осы құанышты бөлісуге туған туысқандарымды шақырдым.Өз  жұртым дауысты дыбыстар.Нағашы жұртым-дауыссыз дыбыстар.Қайың жұртым – ъ –ь белгілер.

Ә:  Мен бүгін қиындық пен қызықты бірге бөліскен жан досым, ұстазымды қонаққа шақырып едім.Сол кісі бар ма?

( 2 оқушы мұғалімді ортаға алып шығады) 

Мұғалім : Уақыт...уақыт-жарыса ескен жел секілді,бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын байқамай қаласың.

Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді,бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен  алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.

Уақыт-жараса аққан су секілді,ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап,өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрыңғы сәттерің кімнің есінде қалған екен? 

1-ж

Ол менің есімде:

Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

2-ж 

Йә, йә есімізге түсті.Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік

Ең алғаш  алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Ұстазым кілтін оның алып берді 

М: -Құрметті Әліппе сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық балалардың саған айтар алғысы мол,отырып,тыңда.

 Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен 

3-о

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

Ән:Әліппе 

1 жүр.  Қане беріп қарайық

             Зейін қойып тыңдайық

            Әріптермен танысу

            Тақпақтардан бастайық

 

Оқушылар тақпақтарды окыйды (А-Я)

 

Әліппе: Айтпақшы алматы қаласындағы мен шыққан Алматыкітап баспасынан электрондық поштамызға жаңа ғана хат келді.Сол хатты бірге оқиық.

Амансыңдар ма балалар!Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар.Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз!Әліппемен қалай дос болсаңдар,ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз.

Ана тілін ренжітпеңдер!

2 Ж: Балалар олай болса Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі.:

Армысыңдар жас достар!

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріңе

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігі

-Әліппе, көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

-Мен көп ауылдарды аралап жүріп,сендерге тапсырмаларды алып келдім.Ал енді білімдеріңді көрсетіңдер.

1 Әріптер ауылынан» тапсырма

Әріптерден сөз құрастыр(О Т А Н,  М Е К Т Е П,  А Н А)

2 Ұлттық мұражай аулынан (дыбыстық бұындық талдау) шапан,тақия,бөрік сәукеле

3 Кішкентай сиқыршы: Жұмбақ жасырам,шешін тапсаңдар бір сөз шығады

Әжеде бар, атада жоқ         ә

2.Мынау-доға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп        л

3.Ірімшік жедің ғой

Тәтті екен дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған      і

4.Ата-анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атауға зер салшы басталған қай әріптен   п

5.Пілде бар,шілде жоқ

Допта бар шарда жоқ                                           п

6.Ешкіде бар қойда жоқ

Кеседе бар қасықта жоқ                                      е

 4  Математика ауылынан тапсырма ата-аналарға

Жұмбақ сайысы:

1.Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды.Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды.Ол қалай?  Ж: Біреу торымен алды

2.Бес бұтақты қайыңда

Бұтақ сайын бес алма

Біреун бер сайынға

Сонда қалды неше алма?    Ж:Қайыңда алма өспейді

3.Тепсең-ақ секіріп

Ұстатпай қашады

Бір жерге бекініп

Тұра алмай сасады           Ж: Доп

4.Күн мен түн қалай басталады?     Ж: кезекпен

5.Адам есектен неге құлайды  Ж:  ЖЕРГЕ

6.10 ешкіден 5 қойдан алсақ неше ешкі қалады   Ж: 10

7.Адам несіз өмір сүре алмайды?  Ж: ауасыз,сусыз,тамақсыз

8.Сен және мен біз екеуміз қосылсақ қанша болады?  Ж: екеу

9.Алманың жартысы неге ұқсайды?   Ж: жарты алмаға

10.Қарға ұшады ал ит құйрығына отырама?   Ж: ит жуас болса ,құйрығына қарға қонып отырады 

Әліппе:Рахмет,балалар!Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер.

Мұғалім:Әріптердің иесі,құрметті әліппе!Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз және Білім әкімшілігінің атынан »Еңбегі сіңген білімгер» Атағын табыс етуге рұқсат етіңіз.

Әліппе:Рақмет ризамын.Менде сендерге бұдан былай қарай кітапты көп оқысын деген ниетпен мына кітапты табыс етемін. 

Қош сау болыңдар.

 1Ж: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың-Ана тілі.Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме? 

2 Ж: Ана тілім-елдігім, Ана тілім-ерлігім, Ана тілі болмаса Бүтіндермес кемдігім.Ана тілдің құрметіне Вальс

Ана  тілі: - Білімнің бетін жарық ет!Ұл-қызымды білімді ет,Келесі оқу жылына,Аманесен түгел жет! 5 болсын алар бағамыз,Білімнен бақыт табамыз.Өнер-білім көп тоқып.Өсе берсін санамыз!Әумин.

 М:Бүгінгі кеш әр үйдің Той басы деп саналар,Балалардың есімі әулеттерге таралар.Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.

М:Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып  оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол.Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде Жүктеу үшін,күте тұрыңыз:

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.