Главное меню

  • К списку уроков
Рухани жаңғыру аясында
12.03.2018 91 30 Тлекешева Сафура Аскарбековна

Рухани жаңғыру аясында...

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы насихаттау жұмыстары бүгінгі күні қарқынды жүзеге асырылуда. Осы орайда, мектебімізде бекітіліген жоспар бойынша қаңтар айында 6 сыныптың қатысуымен қазақ әдебиеті пәнінен дәстүрден тыс сабақ өткізілді.
Бағдарлама бойынша Бауыржан Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» тақырыбен байланыса отырып, рухани жаңғыру тақырыбымен ұштастырдық. Сонымен қатар сабағымыз дәстүрден тыс мектебіміздің Естай Есжанов атына арналған мұражайда өткізілді.
Сабағымыздың басты мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Сабақта 6 сынып оқушылары ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы, бәсекелік қабілет, прагматизм деген жаңа түсініктермен қоса, Еліміздің әйгілі данышпан батырларының өмірлік жолдарымен тереңінен танысып, олардың шығармаларының байланыстылығын анықтай алды. Сонымен қатар оқушылардың көзқарастары мен терең ойлары рухани жаңғыру мақаласымен ұштасып жатты десем қателеспеспін.
Сабақта Елбасымыздың ер, батырлық туралы айтқан ойлары талқыланып, бейнекөрініс көру арқылы ойлары тұжырымдалды. Мұражайда арнайы Естай және Бауыржан атамызға арналған арнайы кішігірім көрме жасалып, оқушылар молынан ақпараттармен қамтылды. 6 cынып оқушылары Бауыржан Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» атты әңгімесін талдай отырып, басты кейіпкердің бойындағы батырлық, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін Естай Есжанов атамыздың да бойынан аңғарды. Оқушылар мұражайдың ішінде өз-өздерін еркін ұстап, ойларын жинақтай алып, сабақ өз дәрежесіне жетті.
Қорыта келе, күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алатынына сенімдімін.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.