Главное меню

  • К списку уроков
Сынып сағаты "Қазақстан болашағы білімді ұрпақ"
28.02.2017 184 39 Тулебоева Бозоргул Мирзаевна

Тақырыбы:Қазақстан болашағы білімді ұрпақ.
Мақсаты:Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу,білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы,білім,ғылым жаңалықтарымен танысу. Оқушылардың ана тілін сүюге,адамгершілік қасиетін қалыптастыру,бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп,содан үлгі өнеге алуға баулу,ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер,нақыл сөздер,асық,қоржын,үнтаспа.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: -Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушыла!.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты-білім,ғылым туралы,білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу.Халқымыз жан жақты адамды сегіз қырлы,бір сырлы дейді.Адамның сегіз қырының бірі оның білімі.Білімді адамның көкірегі ояу болады,жақсы мен жаманды айыруды біледі.Міне,осы туралы өз ойларыңды ортаға саласыңдар.Тәрбие сағатын өткізу үшін екі топқа бөлеміз. 1-топ.Білімділер.Ұраны.Білімді мыңды жығады,Батырдан дұшпан ығады. 2-топ.Алғырлар.Ұраны.Ғылым деген-бір бұлақ, Көрінер көзін ашпаса. 1.Аталы сөз білімді болуға бастайды.
А.Қандай аталы сөздер білесіңдер? Б. Халық тағылымы-тәрбие бастауы. 2.Біліммен қаруланған қор болмайды.
А.Білім туралы қандай заңдар білесіңдер? Б.Абайдың білім туралы айтқан ойлары. 3.Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.Көрініс. 4.Білімсіз күнің жоқ.
А.Мақал-сөз көркі. Б.Қандай өлең жолдарын білесіңдер?
5.Ел ертеңі көз алдымызда.
Бастаушы қоржыннан сұрақтар алып,сол бойынша жауаптар беріледі. 1.Аталы сөз білімді болуға бастайды. А.Қандай аталы сөз білесіңдер? 1-топ.1.Ашу деген-ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген-дария Алдын тоссаң тоқырар.
2.Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
3.Кісі бірге туыспау керек, Туысқаннан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады.
2-топ.1.Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса. Халқына қайраны болмаса. 2.Суалмайтын суат жоқ Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да Құрғамайтын құрақ жоқ. 3.Жүзге бөлінгендердің жүзі қара Руға бөлінгендердің құруға асыққаны Атаға бөлінген адыра қалады Көпті қорлаған көмусіз қалады. Б.Халық тағылымы- тәрбие бастауы. 1-топ.Отан оттан ыстық деген не? Көктен биік деген не? Жерден ауыр не? Судан терең не?
Жерден ауыр дегенім ақыл,білім, судан терең дегенім оқу білім, оттан ыстық дегенім адам өмірі, көктен биік тәкәппардың көңілі.
3. не жетім жаңбыр жаумаса жер жетім, басшысы болмаса ел жетім, тыңдаушысы болмаса сөз жетім.
Дүниеде не тәтті, не жумсақ, не қатты? Ананың сүті тәтті, ананың қолы жумсақ, әкенің жүрегі қатты.
2. топ. Кім жақын? Тату болса ағайын жақын, ақылшы болса апайың жақын, бауырмал болса інің жақын, алдыңа тартқан адал асың, қимас жақын қарындасың.
Не қымбат? Алтын ұя Отан қымбат, қуат береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың жерің қымбат, бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
3. Не қиын? Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, іске аспаған серт қиын, ақылыңнан адасып, өзің түскен өрт қиын.
Мұғалім. Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт дәстүрі, діні,тілі болатыны белгілі.біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді тыңдау, оның сөздерін еске түйіп қурметтеуіміз керек.
1-жетекші. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария.
2-жет. Көп өнеге сөзі бар, сөзі соқпақ өзі нәр.
Екі топтың жетекшісі қорытындылап отырады.
2. топ. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1. білім туралы қандай заңдарды білесіңдер?
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
2. топ. Бул жобадағы білім жүйесінің басты міндеті мемлекеттік білім жүйесін жаппай ақпараттандыру.
Абайдың білім туралы айтқан ойлары.
Болмасақ да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз. Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көрсеңіз. Әсемпаз болма әрнеге, өнер паз болсаң ар қалан. Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан. Жасымда ғылым бар деп ескермедің, пайдасын көре тура тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Мұғалім. Бұл жобада білім жүйесін ақпараттандыру, таланттылыққа, бірлікке ынталандыру туралы айтылған, әр бір заңды біліп жүру басты парызымыз.
1 жетекші. Ата салты ардақты, әр бір сөзі салмақты.
2 жетекші. Сол сөздерді ұқпасаң, тістерсің бір күн бармақты.
3. білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез(көрініс).
Бүгін, балалар біз сендерге адам үміріндегі ең қымбат ғажайып жағдайларды таныстырамыз.
Ол үшін Байлық, Бақыт, Ақыл, Данышпанды шақырайық.
1 оқушы. Достар, адам өміріне қажет не? Оларды ортаға шақырайық.
2 оқушы. Ертеде, Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Осы кезде үшеуі адм баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық. (әдемі шапан, тақия киген бала) Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние мүлікі бай ішіп жемі тоқ болады.
Бақыт. (шаттана былай дейді) Мен бақытпын, кімнің басына қонсам, соның атақ даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Ақ дегенімді алғыс, қара дегенімді қарғыс етемін.
Ақыл.(екеуінің ортасына келіп) О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосыла алмаймын. Мен ақылмын. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспеңдер, данышпанға барайық дейді.
1 оқушы. Олар данышпанның әлемі шаҺарына келеді. Данышпан үшеуінің дауын тыңдап, алғаннан кейін, былай дейді. Өмірімнің өзі сабақ. Байлық бір жұрттық, бақыт баянсыз, ақылдың еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Сондықтан да ақылды болып, еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді де өмір сүре алады.
Мұғалім. Сөйтіп олар табысып, қайта достасты.
Данышпанға алғыстарын айтып, адам өмірінің әділдік жолында қызмет ететінін білесіңдер, олардың әрқайсысының өз орнымен болуы тиіс. Сондықтан ақыл, білім болған жерде байлық та, бақыт та болады.
4 сайыс. Мақал мәтел.
Бір минутта қай топ көп мақал мәтел айтады екен. Қане кім айтады?
Қорытындылау.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе жеңімпаз сайыскерлерді құтықтаймыз.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.